Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы

Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады.

Ал кітапханашы – кітап қорын толықтырушы, әдебиеттерді насихаттаушы, оқырмандарға қызмет көрсетіп, қызығушылығын қалыптастырушы. Кітапханашы – ол универсал адам. Иә, себебі кітапханашылардың міндеттері оқырманға тек кітап беріп қана шектелмейді, сонымен қатар әртүрлі іс – шаралар, әдеби кештер, байқаулар өткізу, жаңа кітаптардың таныстырылымы, бейне шолу, т.б. әртүрлі шаралар ұйымдастырушы. Кітапханашы әрі психолог, себебі қаншама әр – түрлі жастағы оқырмандармен жұмыс жасағаннан кейін, әр адамның көңілін таба білу керексін. Оқырмандардың қалаған кітаптарын тауып, әр түрлі бағыттағы кітаптар жайлы кеңес бере білуін керек. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт – бағдар алу үшін жан – тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбектері ұшан – теңіз. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі, күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет – журналдар, жаңа кітаптар, және күн сайын жаңадан келген оқырмандар легі. Шынында оқырмандармен жұмыс істеген өте қызық. Қалаған кітаптарын тауып беру, көздеріндегі қуанышты көру ғанибет. Кітапқа деген махаббаттарын айтып жеткізе алмайсын.

Қазіргі заманда көп адамның пікірі былай: кітапхана - ол ата-әжелер баратын жер, ал кітапханашы – ол орта жастан асқан апайлар. Кітапханашы жұмысы тек оқырманға қалаған кітабын алып беріп, өзі күні бойы кітап оқып отыра береді  деп ойлайды. Және де бұл ескі, беделді мамандық емес деген түсінік қалыптасқан. Бірақ бұл түсінікті жою керек.

XXI ғасырда көп үмітті жастардан күтеді. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігі осы  кітапханашы мамандығына алып келеді.

XXI ғасыр кітапханашысы заман талабына сай білімді, технологияны меңгерген білікті болуы тиіс. Адамды патриоттыққа жетелейтін кітап, ал кітапханашы оны насихаттаушы. Сол себепті де XXI ғасыр кітапханашысы патриот болуы керек. Мәдени ой – өрісі кең, мамандық білімі терең, жан – жақты болуы тиіс.

Қазіргі таңда оқырмандардың рухани талаптарын қанағаттандыруда, білімдерін арттыру мақсатында кітапханалардың алатын орны ерекше. Сол себепті де кітапханашы мамандығы өте жоғары деңгейде бағалануы керек.

Жалпы кітапханашы мамандығы кітаппен тығыз байланысты болғаннан кейін кітап жайлы айта кетсем. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал. Көзі ашық, көкірегі ояу адам кітапты көп оқыған, ғылымға бір табан жақын болады. Және де неше кітап оқығанын емес, қандай кітап оқығанын маңызды. Яғни кітаптың саны емес, сапасы. Кітап оқыған адам барлық жағдайда жылдам шешім қабылдап, әр түрлі кедергілерден оңай шыға алады. Сөздік қоры бай болады. Барлық жағынан жетістікке оңай жете алады. Кітап оқитын адаммен әңгімелесудің  өзі бір ғанибет.      

Кітапхана – рухани қазына ордасы. Кітап оқитын оқырмандардың азаймайтынына,  ал кітапханашы мамандығы ешқашан жоғалмайтынына мен сенемін.

                                                                   Абонемент бөлімінің кітапханашысы Орынбай Ш.А.