Елі үшін елжіреген жүрек

 Кітапты қолға алған оқырман шығармадағы оқиғаға ерсе, енді бірі кейіпкердің тағдырына қызығады, бірі өзі оқыған дүниеден тілдің көркемдігін іздесе, қайсы бірі тіл арқылы берілген ойдың тереңдігіне үңіледі. Талғампаз оқырман кейіпкер образының шынайлығына, яки әдебиеттің жеке адам атынан емес, ұлттың атынан сөйлейтін қарым - қабілетіне қарай бағалайды.

Қаламның ұшына сиқырлы сөз қонақтатқан, қаламгер жазуынан парасатты ой өрістеткен, өмірден өткеніне жыл толып отырған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мағауия Сланбекұлы Сембайдың «Қоңыр наз», «Қаламға сүйенген тағдыр» кітаптары «Типография АРКО» ЖШС баспасынан 2020 жылы жарық көрді.

«Қоңыр наз» жинағына, белгілі публицист Мағауия Сланбекұлының ертеректе және соңғы жылдары жазылған очерктері мен мақалалары, сұхбаттары және ой - тамыздықтары енгізіліп отыр. Кітаптың «Қоңыр наз» аталуының өзі, 25 жасында жазушы ретінде танылып, «Қоңыр наз» көркем әңгімесі, 1980 жылы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасынан жарық көрген жас жазушылардың «Арман қанатында» атты жинағына енген. Сол жинаққа енген жас қаламгерлердің өздерінде сақталған жинағы оқырмандармен қайта қауышып отыр, «Қоңыр наз» соның айғағы.

Екінші кітабы «Қаламға сүйенген тағдыр» кітабында, қарымды қаламгер, Мағауия Сембай ағамыздың ел жүрегіндегі әріптестері, шәкірттері, қадірлестерінің жазған естеліктерінің қай-қайсын алып оқысаңыз да, құрметпен қарайтын, кейіпкердің кемел болмысы, Ол - ұстаз, Ол - мектеп, Ол – Қаламгер, Ол - Азамат, Ол - биік парасат иесі, ұлттық рухымызды асқақтатып, дүние таныған Мәңгілік Ел болудың, қоғамдағы өзекті проблемаларды өткір көтерумен сіңірген еңбектері айтылған. Сонымен қатар, Республикалық басылымдарға, қаламдастарының көзі тірісінде жарық көрген кітаптары жайлы пікірлері, мен мерзімді басылымдарға берген сұхбаттары, отбасы архивінен алынған фотосуреттер оқырмандар назарларына ұсынылған.

Қалың оқырманға жол тартқан «Қоңыр наз», «Қаламға сүйенген тағдыр» кітаптары қаламгердің мұрасын ізденушілер үшін таптырмас құнды дүние. Көпшілік оқырман дар бұл шығармаларды, кітапханамыздың қорынан алып оқи алады.

 

                                   Негізгі құжаттарды сақтау бөлімінің кітапханашысы:

                                           Жылтыбаева Р.Р.