Жас кітапханашылар мектебі

Дүниенің ағы мен қарасын,жалғаны мен шынын бізге үйреткен де кітап.Ал, сол жауһар қазынаның алтындай жарқырап тұратын ошағы ол-кітапхана.

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін.Ал,кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір –кітапхана.Көне  жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау  алады.Кітапхана  мәртебесі биік  киелі  шаңырақ. Әлемдік өркениетте алатын орны ерекше деп нық сеніммен айта аламын.Рухани құндылықтарға бай кітапхана өз бағасын жоғалтпаған.Озық технологиялар дамып,ғарыштаған кезеңде де өз оқырманымен бағалы.

Қазіргі заманда техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөз шындыққа жанаспайды.Себебі,компьютер адамның денсаулығына әсіресе көзіне зиян. Осы кезде кітапхананың пайдасы зор.Сондықтан болашақ адамның өз қолында кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенін дәлелдейік.

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Ұлттың өткен тарихы мен өнері жазылған құнды кітаптар әркезде де бағасын жоймай, қадірлі болары анық.

                                    Абонемент  бөлімінің кітапханашысы;

                                    Осатаева  Т.М