ПАРАСАТ ПАДИШАСЫ

Жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, аудармашы

Асқар Сүлейменовтің туғанына 85 жыл

’’Ас­қар Сү­лей­ме­нов шы­ғар­ма­шы­лы­ғы – ең ал­ды­мен, ұлт­сыз­да­ну­ға қар­сы шы­ғар­ма­шы­лық, қар­сы­лық әде­бие­ті. Де­мек, оның қай­нар кө­зі де ұлт­тық дү­ни­ета­ным­да, ұлт­тық фи­ло­со­фия­да, салт-дәс­түр­де, са­на-се­зім­де…
Ас­қар Сү­лей­ме­нов дү­ни­ета­ны­мы­ның, әде­бие­ті­нің не­гі­зін ба­тыс­тан емес, өз та­ри­хы­мыз­дан, өз фи­ло­со­фия­мыз­дан бас­тау ке­рек’’

Аб­дул Рах­ма­нұлы Аб­дул­кә­рім

Асқар Сүлейменов 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында туып, Созақ ауданында орта мектепте оқыған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген.

Асқар Сүлейменов «Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық кітаптардың, әдебиет және өнер жайлы жазылған көптеген мақалалардың авторы. «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» (1993ж.) драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет» (2001ж.) сыни-эстетикалық, өнертанушылық жинағы, «Кек» (2001ж.) кітаптары жарық көрді. Ол Б.Брехтің, Е.Шварцтың пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Жазушы туралы 1998 жылы «Парасат падишасы» атты естеліктер кітабы шықты. Созақ және Сарыағаш аудандарында мектептерге ол кісінің есімі берілген.

Автордың «Бесатар» повесі - ел тәуелсіздігі үшін толассыз күрестің шешуіші бір кезеңі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін зерделеген, астарлап жеткізетін аллегориялық стильде жазылған прозалық шығармасы.

Қаламгер ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің тек дарынды қаламгер ғана емес, қазақ халқының рухани көшбасшыларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін қашанда ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар» 1976 жылы «Құлагер» фильмдері түсірілді.

Құрметті оқырман!Кітапхана қорынан Асқар Сүлейменовтің шығармаларын алып оқуларыңызға болады. Келіңіздер, кітап оқыңыздар!

 

Абонемент бөлімінің кітапханашысы: Жолтаева Г.Ж.