Мәдени шаралар дайджесті. Шілде.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2016 жылдың 1-31 шілде күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесі

3 шілде (жексенбі) сағат 11.00

"Астана - жаңа ғасыр қаласы": 6 шілде – Астана күніне арналған дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал.

 

4 шілде (дүйсенбі)

"Астана – елімнің мақтанышы" және "Көшбасшының саяси портреті" атты кітап көрмелері ашылады.

2 қабат, оқу залы

 

10 шілде (жексенбі)

Француз жазушысы, новеллашы және сыншы, әдебиеттегі жаңашылдық өкілі Марсель Прустың 145 жылдығына арналған "Лики времени" атты кітап көрмесіне шақырамыз. ХХ ғасырдың әлем әдебиетінің өзіндік орны бар шығармалардың бірі "В поисках утраченного времени" жеті томдық эпопеяның авторы ретінде әлемге аты жайылған беделді өкіл.

2 қабат, абонемент.

 

12 шілде (сейсенбі)

Шілде айының үшінші жексенбісі күні мерекеленетін металлургтердің кәсіби мерекесі күніне арналған "Люди огненной професии" атты кітап көрмесінің материалдарын назарға ұсынамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

26 шілде (сейсенбі)

Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның тұңғыш ұшқышы Т.Әубәкіровтың 70 жылдығына арналған "Тоқтардың жұлдызды жолы" атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

31 шілде (жексенбі) сағат 11.00

Т.Әубәкіровтың 70 жылдығына арналған "Ғарышта – қазақ қыраны" атты дөңгелек үстел өтеді. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Тәуелсіз Қазақстан тарихында ғарыш кеңістігіне жол ашты. 1991 жылы 2-10 қазан күндері аралығында ғарышкер-зерттеушісі ретінде "Союз ТМ-13" кемесімен ғарыш кеңістігіне көтерілді. Авиация генерал-майоры, КСРО ғарышкері, Қазақстан Республикасының ғарышкері (1994 жылдың қазан айынан бастап) Тоқтар Әубәкіров қорғаныс бойынша мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. Тоқтар Әубәкіров "Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы" атағы, "Ленин" орденімен, "Қазан төңкерісі" орденімен, "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.