Мәдени шаралар дайджесті. Мамыр.

2017 жыл, мамыр Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 мамыр күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

2 мамыр (сейсенбі)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығы және Отан қорғаушылар күніне арналған«Әскер – Тәуелсіздік тірегі, ел қорғаны» аттыкітап көрмесіндегі мәліметтермен танысуыңызға шақырамыз. Отан қорғаушылар күні 1992 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл күн, 1992 жылы 7 мамырда  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев (Жоғары қолбасшы болып есептелетін) ұлттық қарулы күштерінің құрылуы туралы жарғыға қол қоюымен байланысты. 2012 жылдан бастап 7 мамыр демалыс күні болып есептеледі.

3 қабат, оқу залы

 

2 мамыр (сейсенбі)

Жеңіс күніне орай өнер әдебиеті бөлімі «Жеңіске апарар жол. Соғыс жылдарындағы плакат өнері: 1941-1945» атты көрмесін ұйымдастырады.

3 қабат, өнер әдебиеті бөлімі

 

3 мамыр (сәрсенбі)

Кеңес Одағының батыры Амантай Даулетбековтың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Түгіскеннен шыққан батыр» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі.

 

3 мамыр (сәрсенбі)

«Халықтың ұлы қаһармандығы» атты кітап көрмесі9 – мамыр Жеңіс күніне арналады.

3 қабат, оқу залы.

 

4 мамыр (бейсенбі), басталуы сағат 15.00

Ұлы Отан соғысынаҚазақстаннан шақырылған батыр-жауынгерлерінеске алу кешіне қатысуға шақырамыз. Аталмыш іс-шара «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасымен бірігіп ұйымдастырылады және ҚР Қарулы Күштерінің құрылуының 25 - жылдық мерейтойы  мен ҰОС Жеңісінің 72-жылдығы мерекелік іс-шаралар аясында  өткізіледі.

3 қабат, оқу залы

 

5 мамыр (жұма)

ҚР Қарулы Күштерінің құрылуының 25 – жылдық мерейтойына арналған  «Егемен елдің ертеңі» атты дөңгелек үстелінің жұмысына қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конференц зал.

 

14 мамыр (жексенбі)

Республикамыздың елордасы Астана қаласында өткізілетін Халықаралық мамандырылған EXPO-2017 көрмесі аясында «ЭКСПО – 2017:Болашақ энергиясы»атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

2 қабат, конфернц зал.

 

14 мамыр (жексенбі)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72-жылдығына орай  ұйымдастырылған Әдеби қонақжай отырысы өтеді.

2 қабат,конференц зал.

 

16 мамыр (сейсенбі)

«Мәдениет – рухани кемелділік кепілі» аттыкітап көрмесіндегі мәліметтер Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналады.

3 қабат, оқу залы.

 

23 мамыр (сейсенбі)

«КарЛАГ: жан түршігерлік тағдырлар»атты кітап көрмесіндегі мәліметтер - 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне  арналады.

3 қабат, оқу залы.

 

31 мамыр (сәрсенбі)

К.Г.Паустовскийдің 125-жылдығына орай ұйымдастырылған «Поэзия странствий» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

Константин Георгиевич Паустовский – орыстың кеңестік жазушысы; қазіргі заман оқырмандары оның шығармашылығының қыры көбінесе балалар аудиториясына арналған табиғат туралы  повестер мен әңгімелері екенін біледі. К.Паустовский кітаптары бірнеше рет әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. ХХ ғасырдың екінші жартысында оның повестері мен әңгімелері сюжеттік және стилистикалық үлгілердің пейзаждық және лирикалық прозаның бірегейі ретінде ресейлік мектептердің орта сыныптарының орыс әдебиеті пәнінің бағдарламасына  енді.

2 қабат, абонемент