Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 қаңтар күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
Қаңтар (ай бойы)
Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына арналған «Елбасы жолдауы - жаңа нақтылық» атты кітап экспозициясын көруге шақырамыз. Көрме жыл бойы жұмыс жасайды.
3 қабат, оқу залы
12 қаңтар (жұма)
Биыл облысымыздың үш ауданы мерейтойын тойлағалы жатыр. Нұра мен Шет аудандарының құрылғанына 90 жыл, Бұқар жырау ауданының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шежірелі өңір» атты көрмесіне шақырамыз.
2 қабат, өлкетану бөлімі
21 қаңтар (жексенбі)
Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында Kazakhstan Spelling Bee 2018 сайысы өтеді. Ең үздік ағылшын тілінің спеллері” (speller) атануға, бағалы сыйлық иегері болуға мүмкіндігіңіз бар. Қаламыздың 18 жасқа толған ЖОО, колледж студенттерін байқауға қатысуға шақырамыз.
2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі
23 қаңтар (сейсенбі)
Абонемент бөлімінде Стендальдің 235 жылдығына арналған «Мечтатель и бунтарь» атты көрме портрет ұйымдастырылады.
Мари-Анри Бейль – француз жазушысы, психологиялық романдардың негізін қалаушылардың бірі. Шығармалары түрлі лақап атпен баспаға шыққан, дегенмен маңыздылығы жоғары туындыларын Стендаль атымен жарыққа шығарған. Өз өмірінде беллетрист ретінде ғана емес, сонымен қоса Италияның көрікті жерлері туралы кітаптар авторы ретінде танымал болды.
2 қабат, абонемент
24 қаңтар (сәрсенбі)
Кітапхана оқырмандарын «Ата Заң – мемлекеттің негізі» тақырыбында әңгімеге шақырамыз. Әңгіме Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын (1993 ж.) қабылдағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
3 қабат, оқу залы
28 қаңтар (жексенбі)
Әдеби қонақжай клубының алғашқы отырысы ұйымдастырылады. «А что у вас? А у нас...» атты отырыс 2017 жылдың әдебиет әлеміндегі жаңалықтар шолуына арналған. Кітапхана оқырмандарын клуб мүшелерімен бірге тақырыпты талқылауға шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
29 қаңтар (дүйсенбі)
Кітапхананың оқу залында А.Байтұрсыновтың 145-жылдығына арналған кітап көрмесі және «Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында әңгіме ұйымдастырылады.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы)— қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.
1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Байтұрсынов пен Дулатов – «Алаш» партиясын және Алашорда үкіметін құрушы. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды.1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді