Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-30 маусым аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
1 маусым (жұма)
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
1 маусым (жұма)
Ойын баласы үшін ең керемет күн – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар үшін қызықты «Расти счастливым» атты викториналық кітап көрмесі ұйымдастырылады.
2 қабат, абонемент
4 маусым (дүйсенбі)
Эколог күніне арналған «Жерді қорғау – әлемді қорғау» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
2 қабат, конференц зал
14 маусым (бейсенбі)
Барлықтарыңызды Жазғы оқу қаласының ашылуына шақырамыз. Аптасына 2 рет, атап айтсақ, сейсенбі және бейсенбі күндері қаламыздың тұрғындарында Әлиханов көшесінің бойындағы саяжолда кітап және журнал оқуға, балалардың әртүрлі конкурстар мен викториналарға қатысуына мүмкіндіктері болады. Былтырғы жылдары секілді биыл да буккроссинг ұйымдастырылады.
Әлиханов көшесі бойындағы саяжол
18 маусым (дүйсенбі)
Халықаралық нашақорлықпен күресу күні қарсаңында «Есірткіге ЖОҚ де!» кітап көрмесі ұйымдастырылады.
3 қабат, оқу залы
18 маусым (дүйсенбі)
«Кітапханадағы жаз» акциясының ашылуы өтеді. Сіздерді кітапхана қызметкерлерімен ұйымдастырылған қызықты, әрі танымды шығармашылық алаңдар күтеді. Балаларға арналған мектеп жанындағы лагерлерін серіктестікке шақырамыз.
Кітапхана бөлімдері
20 маусым (сәрсенбі)
И. Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған «тума сөздің тарланы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
Ислам Жарылғапов 1918 жылы 4 тамызда Жезқазған облысының Жаңарқа ауданындағы Бірлік ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы педагогикалық училищесін бітірген (1942). Мәскеу Жоғары дипломатия академиясының тыңдаушысы болған (1944–1945). 1942–1974 жж. мектеп мұғалімі, институт оқытушысы, Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы, БЛКЖО Орталық Комитетінің (Мәскеуде) нұсқаушысы, Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1946–1952), Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, «Жазушы», «Қазақстан» баспаларының аға редакторы, редакция меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі, Өнер басқармасының бастығы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма кеңесінің төрағасы секілді қызметтер атқарған. Көркем әдебиет саласында М.Горький, М.Шолохов, А.Герцен, Л.Толстой, А.Пушкин, Ф.Ниязи, Ә.Несин, У – Ян, К.Цеткин, В.Бердаль, И – Р. Бехер, т.б. жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған. Ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын 500ден астам жаңа терминдермен байытты. «Үздік мұғалім», «Үздік мәдениет қызметкері», «Үздік баспасөз қызметкері» атақтарының иегері.
2 қабат, өлкетану бөлімі
22 маусым (жұма)
Абонемент бөлімі әлем әдебиеті классиктер топтамасының көрмесін ұйымдастыруын және оқырмандарды олардың өмірі және шығармашылығымен таныстыруын жалғастыруда. Э.М. Ремарктың 120 жылдығына арналған «Моя тема – человек нашего времени» атты кітап көрмесі ұсынылады.
2қабат, абонемент бөлімі