Мәдени шаралар дайджесті. Шілде.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 1-31 шілде күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 шілде ( жексенбі) 11.00-де

Астананың 20-жылдық мерейтойына арналған «Астана – жаңа ғасыр қаласы» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

1 шілде (жексенбі

Жаңадан туған Ұлттық домбыра күніне арналған «Нағыз қазақ – домбыра» кітап экспозициясы ұйымдастырылады. 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  маусым айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде мерекеленетіні туралы Жарғыға қол қойды. Экспозицияның ортасына «Домбыра-Дастан» атты кітабы қойылды.

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

2 шілде (дүйсенбі)

Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбыны асқақ- Астана» атты кітап көрмесінің ақпараттық материалдарымен танысуға шақырамыз.  

3 қабат, оқу залы

 

3 шілде (сәрсенбі)

Барлығы естіп, бірақ шығармаларын аз адам оқып көрген жазушы Ф.Кафканың 185-жылдығына орай «Писатель, сотворенный своей биографией» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. ХХ ғасыр әдебиетінің хас таланттарының бірі ретінде танылған неміс тілді жазушы шығармашылығының көп бөлігі дүниеден өткен соң жарияланды. Оның шығармалары сюрреалистік қиындықтар мен түсініксіз әлеуметтік бюрократиялық күштермен тоғысатын реализм мен фантастикалық элементтерді біріктіреді.

2 қабат, абонемент

 

11 шілде (сәрсенбі)

Көрнекті қазақ жырауы, ойшыл Бұқар жырау Қалқаманұлының республикалық деңгейде мерекеленіп жатқан 350 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлар даналығы бабалар мұрасында» атты кітап көрмесіне шақырамыз.  Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Тәке, Болат, Әбілмәмбет, Абылай хандардың тұсындағы ең мықты қайраткері атанған даңқты жырау Далба тауының бір сілемінде жерленген.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

18 шілде (сәрсенбі)

Е.Евтушенканың 85 жылдығына арналған материалдар «Я разный, я натруженный и праздный…» атты кітап портрет – көрмесінде ұсынылады.

2 қабат, абонемент

 

20 шілде (жұма)

Металлургтер күніне арналған «Балқаш кен-металлургия комбинатының құрылғанына 80 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

24 шілде (сейсенбі)

Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 16 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абайдың ақын інісі» атты кітап көрмесінің материалдарында философ, ойшыл, ғалым, әрі ақын болған Абайдың рухани досы, әрі шәкіртінің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ұсынылған.

2 қабат, абонемент