Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
1 ақпан (жұма) сағ. 15.00
Өлкетану бойынша бірқатар кітаптар ұсынылатын «Тұлғатану» ғылыми орталығымен ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Басылымдар арасында Алматыкітап"баспасы шығарған «Өлкетану»; «Краеведение. Карагандинская область» атты кітаптар ерекше орына алады. Авторлар - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары - Н.А. Бейсенбекова, Л.К. Шотбакова, Б.Т.Тулеуова, Г. Кожахметова. Бұл жұмыс 5-7 сынып оқушылары үшін Қарағанды облысындағы өлке тарихы бойынша оқулық болып табылады. Кітап тарихты, географияны, әдебиетті, мәдениетті, музыканы аралас курс ретінде қамтиды. "Eurasian Book Fair-2018" халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде (27.04.18) кітап "Үздік өлкетану басылымы" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, іс-шарада қарағандылық ғалымдар туралы баяндайтын "Өнегелі өмір" сериясының жаңа кітаптары ұсынылады. Олардың бірі - "Алаш Қозғалысының тарихы" басылымы.
2 қабат, абонемент
1-10 ақпан
Қарағанды қаласының мерейтойына орай кітапханада "Вдохновен и Я"атты поэтикалық интернет-диалог декадасы ұйымдастырылады.
Поэтикалық интернет-диалогта біздің сүйікті қаламыз туралы өлеңдер, сондай-ақ атақты авторлардың шығармалары орындалады.
2 қабат, абонемент бөлімі
4 ақпан (дүйсенбі), сағ.15.00
"Harmony" даму орталығы кітапханада "Бақыт туралы өлеңдер" кітабының тұсаукесерін ұйымдастырады. Іс-шара интерактивті музыкалық-поэтикалық тұсаукесер форматында өтеді, кездесудің модераторы осы кітапты құрастырушылардың бірі, ақын Москалев Юрий Николаевич(Мәскеу қ.) сөз сөйлейді. Тұсаукесердің мақсаты: жаңа антологияны ұсыну және келесі басылымдарға жаңа есімдер табу. Іс-шара кезінде қатысушылар өз шығармаларын ұсына алады. Идеясы – "Барлығына бір даналық - Бақыт".
"Бақыт туралы өлеңдер" антологияның бірінші басылымына ежелгі дәуірден әлемдік классикаға дейінгі поэтикалық шығармалар кірді. Жинақта Қазақстан Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен ұсынылған. Осындай форматтағы кітаптың тұсаукесері Ресейдің бірқатар қалаларында сәтті өтті және Астана қаласының (31 қаңтар) және Алматы қаласының (17 ақпан) кітапханаларында өтеді.
2 қабат, конференц зал
5 ақпан (сейсенбі), сағ.11.00
Ақын, драматург Ә. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған мерекелік кешке қатысуға шақырамыз.
Іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде облыстық тарихи-өлкетану музейі ниет білдірді, сонымен қоса онлайн байланысу арқылы бізге Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қосылады.
Облыстық өлкетану музейінің конференц залы
13 ақпан (сәрсенбі) сағ. 11.00
Біздің сүйікті қаламыздың мерейтойына орай ұйымдастырылған тағы бір іс-шараға қатысуға шақырамыз. Кеш Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылына орайластырылды. Біз өзі туралы, өзінің шығармашылық жолы мен болашаққа арналған жоспарлары туралы әңгімелерімен бөлісу үшін қаланың шығармашылық жастарын шақырамыз.
«Сүйікті қалама сүйсіне қараймын!» тақырыбындағы шығармашылық кеш жас жазушылар мен ақындарды, әншілерді, музыканттарды, қолданбалы өнер өкілдерін біріктіреді.
3 қабат, оқу залы
24 ақпан (жексенбі)
"Менің қалам және Мен" атты "әдеби қонақжай"клубының отырысы өтеді. Отырыс қаланың 85 жылдығына орайластырылып, кездесуге облыстық балалар көркемсурет мектебі мен "Магнит" әдеби бірлестігі қатысады (Теміртау қ.)
Қарағанды поэзиядағы, пейзаждардағы және портреттердегі кездесулердің лейтмотиві.
2 қабат, конференц зал
25 ақпан (дүйсенбі)
Алғыс күніне арналған «Ризашылықта шектеу жоқ» көрмесіне шақырамыз.
Кітап көрмесіне Алғыс айту күнін мерекелеу туралы құжаттар ұсынылады. Кейбір халықтардың қоныс аудару тарихын келесі басылымдар баяндайды – «Из истории немцев Казахстана», «Корейцы Казахстана», «Из истории поляков в Казахстане», «Мы курды, Казахстана», «Дагестанцы в Казахстане». Қазақстан аумағында тұратын халықтардың статистикалық деректерін қамтитын анықтамалық құралдар ұсынылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі кеңінен және әртүрлі ақпаратпен көрсетіледі.