Мәдени шаралар дайджесті. Қазан

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 қазан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының  ақпараттық  дайджесті

 

3 қазан (бейсенбі) сағ.11.00 

«Бір ел - бір кітап=Одна страна – одна книга» Акциясына арналған ақпараттық сағатқа шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

9 қазан (сәрсенбі) сағ. 11.00

Халық әртісі, халқымыздың дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі Жүсіпбек Елебековтың 115 жылдығына орай «Арқа әнінің алтын бәйтерегі» атты әдеби-сазды кешке шақырамыз.

Ж. Елебековтың репертуарында қазақтың Сегіз-сері, Біржан-сал, Ақан-сері, Мәди және т.б. секілді халық және кәсіби авторларының әйгілі және жарқын әндері бар.

1935-1960 жылдары Қазақ филармониясы мен «Қазақконцерт»-тің жеке әншісі болды. Ел ішін, сондай-ақ шетелді де (Қытай, Моңғолия, Үндістан) гастрольдік сапармен көп аралады. 1967-1979 жылдары қазақ эстрадалық өнер студиясында халық вокалынан сабақ берді. Репертуарында ұлттық әндер басым болды. Оның оқушылары халық әртістері Мәдениет Ешекеев, Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов болды.

1994 жылдан бастап Қарағанды облысында Жүсіпбек Елебеков атындағы халық әндерін орындаушылардың дәстүрлі байқауы өткізіледі.

3 қабат, оқу залы

 

10 қазан

«Рухани келісім әлеміндегі Қазақстан»=Казахстан в мире духовного согласия» атты кітап көрмесінің материалдары Рухани келісім күніне арналады.

3 қабат, оқу залы

 

11 қазан

Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, 1995-2000 жылдары – Мәжіліс депутаты болған Жұмағали Наурызбайға арналған «Сендер деп ғұмыр кешемін...» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

13 қазан (жексенбі) сағ.11.00

Американдық бұрыштың белсенділері Рухани келісім күніне арналған ағылшын тілінде «Рухани келісім  - татулық бесігі=Tolerance is key to spiritual harmony = Толерантность – ключ к духовному согласию» атты дөңгелек үстелін өткізеді.

2 қабат, конференц-зал

 

13 қазан (жексенбі) сағ.15.00

Жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған «Жұлдыздар із тастап кетеді» атты әдеби сағатқа шақырамыз. 

2 этаж,  конференц-зал.

 

15 қазан (сейсенбі)

Қарағанды жоғары оқу орындары мен колледждерінің бірінші курс студенттерін, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың оқушыларын жыл сайынғы «Кітапхана – білім алаңы» атты дәстүрлі Ашық есік күніне шақырамыз. Осы күні кітапханаға келгендер үшін қызықты кітаптар мен кездесулер, әдеби әңгімелер, викториналар мен ойындар ұйымдастырылады.

1-3 қабат, қызмет көрсету бөлімдері

 

15 қазан

 «Арқаның ақиық бәйтерегі» атты көрме материалдары С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналады.

2 қабат, өлкетану бөлімі

 

18 қазан

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театрының құрылуының басында тұрған Қазақстанның халық әртісі Ж.Шашкинаға арналған  «Искусство зеркало культуры» атты кітап көрмесіне шақырамыз. 

3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі

 

20 қазан (жексенбі) сағ.15.00

Жастар жылына арналған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы мүшелерінің «Жыр жекпе-жегі» атты поэтикалық баттлы өтеді.

2 қабат, конференц-зал

 

24-25 қазан (бейсенбі-жұма) сағ 10.00

Барлықтарыңызды «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық ІХ Қасым Аманжолов оқуларына шақырамыз. Байқау екі алаңда өтеді: кітапханада ақындар жиналады, «Шалқыма» концерт залында Қ.Аманжолов әндерін орындаушылар жиналады.

3 қабат, оқу залы

 

27 қазан (жексенбі) сағ.11.00

Әдеби қонақжайдың С.Сейфуллиннің, Ә.Нүрпейісовтың, Б.Майлинның, Ә.Кекілбаевтың, Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарих. Тұлға. Уақыт» атты кезекті отырысы өтеді.

2 қабат,  конференц-зал

 

29 қазан (сейсенбі) сағ 14.00

«Жас өлкетанушы» үйірмесінің Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған «Көше атауларында тарих өмір сүреді»  атты отырысы өтеді.

2 қабат,  өлкетану бөлімі