Нүсіпхан Қадырсұлтан

НҮСІПХАН Қадырсұлтан – 1988 жылы Шығыс Түркістанның Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті кәсіби-көркем сурет факультетінің түлегі. Шығармалары «Жауқазын», «Тіл және Рух», журналдарында, «Шалқар» - еларалық газеті, «Дүниеге келер әлі талай Қасым»  жыр жинақтарына енген.

2005 жылы Қытайда өткен «Бейбітшілік және уақыт» атты Халықаралық жастар сурет жарысында 2 орын алған.

2006 жылы Қытайда өткен «Менің ұстазыма айтар бір ауыз жүрек сөзім» атты аймақтық  жастар шығармашылығында 2-орын.

2010 жылы Қарағанды қалалық әкімдігінің  «Дарын» жастар номинациясында  поэзиядан екінші орын.

2010 жылы КарМУ-да өткен 34-ші магистірлер мен студенттер арасында өткен кескіндеме сайысында 1-ші орын.

2011 жылы Қарағанды облыстық «Алтын күз» жастар сурет көрмесінде бірінші орын.

2011 жылы Қарағанды қалалық әкімдігінің «Дарын жастар» номинациясында «Жылдың жас суретшісі» номинанты атаңды.

Емеурін

Тұмшалады қара бұлт, қара суық.

Бөрідей ем бүргені жүрмін паналап,

Жатар ол да қара бұлақ, қара сұлық

Құдай-ау, сірә, қансыраған бар алап.

 

Қиюы қашып, дығдыры біткен меңіреу,

Қылаң ұрған реңі түннің тып-тымық.

Сес көрсетіп, шекпенін жауар мел біреу

Бұлаң қаққан түлкі құйрық тімтініп.

 

Батыс жақтан ысқырып жел азынап,

Қараша үйдің жұлғалы тұр түндігін.

Қара бала қасқа жолдан азғындап

Қазынасыз қалай жасар тірлігін?!

 

Қарақат көз, қара қызың гүлдей боп,

Көрінбейді көзіңе ыстық бұрымы.

Қара торы қамшы ұстаған күндей от,

Ұлдарының қайда дерсің тұлымы.

 

Қара адыр қаңырап бос қалған ба?

Қара қосың қалқиып тұрмаған соң,

Құрсағыма У тамшылар тамған ба?

Қара керді қара темір ұрлаған соң.

 

Қара домбыра шерлі неге ғазалы,

Эстрада есіріп басты шоқтығын.

Қытығы жоқ, қытымыр боп қазағы

Өз рухының сындырмасын шоқ гүлін.

 

Тепкілейді жүрегімді шер толқып,

Үркер күннің қабағы күрең, білмеймін.

Мынау, марғау дүние, шені от қып

Өртемеші, еңсемді баспа пілдей мұң.

 

Күймесін тек бүршігі дінім, тілім,

Безбүйректер кетпесін талақ қылып.

Түс шайысып қайтеміз тілім-тілім,

Жаратшы Алла Алашты талапты ғып.

 

Күн кірпігін мәңгілікке жабардай,

...Көңілімде ноқат ойлар бар табы.

Қызыл іңір жанталас жатқан жалған-ай,

Қарып аяз жаныма қайғы батады.

Үзілген үміт

Жерідім сірә өзімнен,

Жесір ойға тұншықтым.

Моншақ жасың үзілген,

Бөзі болар мұң шықтың.

 

Қиялдың қыңыр қылышын,

Сезіуші ем дірілдеп.

Махаббатымның қыршынын ,

Жатқанын қара тілгілеп.

 

Шөкімдей ғана ібіліс,

Шөктіріп бізді барама.

Ірткіге түсіп ірі іс,

Соғылды соңғы барана.

 

Сұмбыл сезім әдемі,

Қалама тағы жыр тынып.

Жүректің сендік әлемі,

Сөгіліп жатыр жыртылып.

 

Зере қыздың кірпігін,

Жасқа шылап тажал-ай.

Сілбі бұлттың кіндігін,

Тырнап жатыр нажағай.

 

Найза тастай шыңылтыр,

Айырыла жаздап булығып.

Ой өңірім шықты бір,

Кесіліп кесір былығып.

 

Дүр дүнйе солғандай,

Бозғылт тартты ескіріп.

Ақ сәуле сезім сор маңдай,

Сорғылар жасы кешкілік.

 

Күйік қанат көбелегім,

Айналарсың сағым мұңға.

Сенсіз қалай көгеремін,

Сіңіп барам сары құмға?!   

        Суық жас

 

Қыйық жамау жүрегім шоқпыт-шоқпыт,

Кетті ібліс келемеж ғып шоқып-шоқып.

Айлы түн,ақжал өзен айптама...

Кетті күнім сүйген оны шолып-шолып.

 

Қалды көңіл қарайып пілте-пілте,

Сорлы жүрек соларма бірте-бірте.

өкінсем,өкпелесем өткен іске,

жасым тамар жалғыз ақ күлте белге.

 

Найзағай тұр шатынап жарқ-жұрқ,

Дауыл үдеп бара ма жарып-жұлып.

Қара бұлттың жанарын жасқа шылап,

Долы дүние түксійді шарық-шұрық.

 

Шайып өт жүрек ноқатын теңбіл-теңбіл,

Қосылып саған жылайын бір ағыл-тегіл.

Тасбауыр тірлік тынымсыз тілгілеп шын,

Қиқым болып жатыр менде ақыл-декбір.

 

Сайқы қылып ағаштар да күбір-күбір,

Сыздай қалды сызат боп күбі ғұмыр.

Бал махаббат баянсыз өшіп барад,

Ібіліс қиял торыған күнімді бір?!

 

Тоз-тоз болып табиғат ақар-шақар,

Мүсіркемей ұлын тұр атқа шабар.

Қызыл мысық қаттырақ тырнаған соң,

Үзілді ғой гауһарым алқа шынар...

 

Күн айдаһар шайнаса да тісін қарш-қарш,

Шөлдеген жердей айрылмадым қарс-қарс.

Сең боп қалқып жібімей ақ мұхиттагы,

Сергелден боп өтермін жалғыз қалш-қалш.

 

Қылаң

Сен рәушәнсың әдемі өңі ләйлә,

сен рауанның самалы үні майда.

Мың бояулы марғау түнге енсаңдағы

Көз қйығын салар саған омір айна.

 

Ақты жұлдыз қара  аспанды  тіліп кіл,

Сөнді бақыт байансыз ақ тынып бір.

Енді қайтем сені күтем арай таң

Ақ шолпаным бозамық түнді түріп кір.

 

Сумақы ойды қойсамда бір шідерлерп,

Сығуаң сезім көнбейді ә шын ерек.

Сен дегенде жүректегі лағыл жыр,

Жатады ылғый ақ жаңбыр боп сіберлеп.

 

Қарақат жанар жүректі тәркіледің,

Қызғалдақ ерін өзіңе тәнті едім.

Бурқанған өзен боп махаббатта,

Толқындарын тербетер тәтті демің.

 

От жанарыңнан ұяң сәуле таратып,

Малынып нұрыңа кетті кеудем таң атып.

Қызыл іңр ұлпа қарға ноқат қып.

Кеткендер бар йт тірлікке талатып.

 

Жүрем қалай гүл сезімді құндақтап,

Мына өмір бұл махаббат қымбатты ақ

Ақшағый бұлтпен сәлде ораған құзжартас

Сүйем десем қосылып олда үн қатпақ.

 

Тй сезімнің сауырына қамшы боп ,

Соны жырлар сорғаласын тамшы боп.

Сені сүйген сорлы жүрек әуені,

Қарада тұр,қалады ақыр шәмші боп!