Activities calendar

09 ақпан 2016

Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман

Белгілі ақын, айтыскер, ақындар айтысын қалпына келтіру, жаңартып-жаңғырту, оны теледидар мен радиода насихаттау арқылы халқына кеңінен танылып, ел сүйіспеншілігіне бөленген айтыс жанашыры Ж. Ерманның 65 жылдығына арналған «Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз. 1984 жылдан бастап жүзге жуық айтыс жүргізген. 2005 жылы айтыс туралы екі томдық кітап шығарды.

Сонымен қатар, Жүрсін Ерман Жезқазған телеарнасының бас редакторы, Қазақ КССР мемлекеттік радиосының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994-1996 ж.ж. «Қазақ мемлекеті» газетінің бас редакторы, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болған. 2007-2009 жылдары -«Қазақстан» РТРК АҚ басқару төрағасының кеңесшісі болды. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (екі мәрте) лауреаты.

2 қабат, өлкетану бөлімі

Дата: 

9 ақпан, 2016 - 10:00 to 9 March, 2016 - 10:00