Жыр-Жауһар

"Махаббатсыз өмірдің мәні бар ма..."

Махаббат мәңгі ертегі

Көңілдің күйін шертеді...

Адам жанын әсем күйге бөлейтін, барша сезімдердің патшасы – махаббат. Барша ақынның жыр күнделігі осы аяулы сезімнен басталатыны хақ. Қазақ даласында сәуір айының 15 жұлдызы "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күні, яғни ғашықтар күні болып тойланғалы қашан.  

Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханасының іргесінде қаланған "Жыр-Жауһар" поэзия клубы ғашықтар күнін мерекелеуді дәстүрге айналдырған.

Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең

Құс жолына бір көшім тіреледі...

2019 жылдың 29 қаңтар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, жазушы, "Жазу", "Фәни-құс", "Қарға", "Құс қайтару" кітаптарының авторы, "Қасым" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Серік Сағынтайдың "Құс жолына бір көшім тіреледі..." атты жастармен кездесу кеші өтті.

Жанын нұрға жүрегін сырға бөлеген

Ақын - халық сөзін жеткізуші. Халықтың тілі мен үні. Жүрекке шаң болып жұққан  өмір күйесін  өлең – орамалмен сүртіп, тазалаушы. Ақын жырын  ар мен жүрек таразысынан өткізетін Халық деген Ұлы бар, Уақыт деген Төреші бар.

Сүйінші хабар!

Жылдың үздік ақыны

Жыл соңы да жақындап келеді. Ал, біздің кітапханамыздың жанынан құрылған, бүгінде талай таланттың жұлдызын жаққан "Жыр-Жауһар" поэзия клубының қоржыны толағай табыспен толықтырылуда.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" жыр дүлдүлдері мүшәйрасында жеңімпаз атанып клубымыздың белді мүшесі, тұнық жырға толы сыршыл, нәзік жырларымен оқырман ықыласына бөленген, ақын қызымыз Рахымжанова Айзада Бүркітқызы жеңімпаз атанды.

Жанам деген жүрекке от берген – Жыр-Жауһар!

 Алау алып,

Алтын күннің нұрынан,

 Сезім өріп

 Самал желдің сырынан,

 Сұлулықты,

 Кеңестікті,

 Өмірді,

 Көретұғын басқаша бір қырынан;

 Армандарын...

 Ақындардан сұрама,

 Ізде аңсарын...

Ақындардың жырынан,- деп ақын ағамыз Қадыр Әлімқұлов жырлағандай,

Ақпараттық сағат

Еліміздің түкпір-түкпірінде кезекті "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны сөзсіз.

Акция елімізде 2007 жылдан бастап халықтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын туғызу мақсатында өткізіліп келеді.

Өлең өрілген кеш

27-қыркүйек "Жыр-жауһарлықтар" үшін ерекше  есте қалар  күндердің бірі болды.  Сөз құдіретімен жасалған әдемі өрнек, айшықты жыр дестелері тербетті бүгін бәрін. Сезім қылын шертер  өрнекті өлең көңіл толқытты бүгін. Толассыз аққан жыр ағыны толқындай тулап, селдей тасып, арнасынан асты бүгін.

Жүлде – "Жыр-жауһарда"!

Күні кеше яғни қыркүйектің 27-жұлдызында Қарағанды шаһарының көгінде даңқты жерлестеріміздің бірі, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың жай отындай жарқылдаған жігерлі, отты  шығармаларында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың  "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." оқулары өтті. 

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі іс-шара осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Беттер