Жыр-Жауһар

"Қағаз жүректің" лүпілі

Жақында кітапханамыздың жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жетекшісі Жадыра Байбұланованың "Қағаз жүрек" атты жыр жинағы жарық көрген болатын. Ақын өткен жылдың соңында мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" мүшәйрасында жеңімпаз атанып, кітап шығару құрметіне ие болған еді.

Сезім деген – ең әуелі мөлдірлік...

"Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар" – деп жырлады һакім Абай.

Махаббат – адамзат баласына берілген ең асыл сезім. Ғаламат ғашықтыққа жыр жазбаған, ән арнамаған өнерпаз кемде-кем шығар. Сәуір айының 15 жұлдызын – «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» күні деп белгілеп, төл мерекемізді тойлап жүргенімізге де талай жылдың жүзі болды.

Көктем шақырады! «Жыр-Жауһар» шақырады! Біз шақырамыз!

Себелеп тұрса Көктен нұр,

Мен сені сүйген Көктем бұл!

Жанарымдағы сағыныш,

Үзіліп түсті... Мөп-мөлдір!

Көктем келсе, көл тебіреніп, көңіл толқитыны, әркімнің жүрегінде аяулы махаббат сезімі бүр жаратыны жасырын емес... Осыған орай, көктемнің көрікті күнінде, яғни, 14 – сәуір, сағат 15.00-де кітапханамызда

«Жыр-Жауһар жаққан жұлдыздар» атты

Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр

Күні кеше Қарағанды қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №92 гимназияда «Жасын ғұмыр – Қасым ғұмыр» атты қалалық қасым оқулары болып өтті. Мектеп оқушылары арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға 100-ге тарта оқушы ат салысты.

Қыста талай қызық бар

Қазіргі ақпараттар нөпірі сананы еріксіз жаулап алып, жаппай жаһандануға бет бұрған тұста күнделікті өмірімізді Ғаламторсыз елестетудің өзі мүмкін болмай қалды. Аяқ аттап баспастан, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» аталмыш тораптың пайдасымен қатар, зияны да аз айтылып жүрген жоқ.

Осы орайда, қаңтардың соңғы жексенбісі – «Бүкіләлемдік Ғаламторсыз күн» деп белгіленгенуі де еш негізсіз емес. Жастарды рухани жұтаңдықтан арылтып, әдебиет пен мәдениетті насихаттауды мақсат еткен «Жыр-Жауһар» поэзия клубы да осы айтулы күнді өзгеше өткізуді жоспарлаған болатын.

"Жыр-Жауһар" тарихы

Жыр шежіресі сонау Орхон ескерткіштерінің жазбасында. Сөз зергері – Күлтегін, Тоныкөк, жыраулар поэзиясының көші – Қазтуған Сүйінішұлы, Асан қайғы, Ақтамберді, Бұқар жыраулардан бастау алады. Тоғышардың кеңірдегін суырып, шаршы топта сөз бастау – екінің бірінің иығына қона бермейтін, екінің бірінің бақшасына гүлше біте бермейтін Тәңір сыйы.

2006 жылы 8 ақпан күні облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың жанынан "Жыр–Жауһар" поэзия клубы құрылды. Бұл клубтың ашылуы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген еді.

Беттер