Көктем шақырады! «Жыр-Жауһар» шақырады! Біз шақырамыз!

Себелеп тұрса Көктен нұр,

Мен сені сүйген Көктем бұл!

Жанарымдағы сағыныш,

Үзіліп түсті... Мөп-мөлдір!

Көктем келсе, көл тебіреніп, көңіл толқитыны, әркімнің жүрегінде аяулы махаббат сезімі бүр жаратыны жасырын емес... Осыған орай, көктемнің көрікті күнінде, яғни, 14 – сәуір, сағат 15.00-де кітапханамызда

«Жыр-Жауһар жаққан жұлдыздар» атты

кездесу кеші өтеді. Өлең өлкесінде, өнер айдынында танысып, табысқан, жаны жырға, әлемі әнге айналған жұптармен кездескіңіз келсе, бізге асығыңыз! Кешке республикамызға танылып үлгерген қарымды қаламгерлер мен дүлдүл әншілеріміз келеді деп күтілуде.

«Жыр-Жауһар» поэзия клубы