Ұлы суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған "Қазақ поэзиясының Гомері" атты кітап көрмесіне шақырамыз. Ақын Сүйінбайды пір тұтып, поэтикалық суырып салма өнерін үйреніп, оның үздік шығармашылығымен сусындаған. Кеңес заманында Жамбыл туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы және еңбек, гуманистік идеялар туралы жырлаған. 1936 жылы ол Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнері Декадасына қатысқан. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған "Ленинградтық өрендерім", "Майданға хат" және т.б. патриоттық өлеңдері жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің рухын көтерді. Көркем әдебиеттерде Жамбыл Жабаевтың образы жасалып, деректі фильм түсірілді. Ақын шығармашылығына монографиялар мен мақалалар арналған. Жамбылдың шығармашылығына Р.Роллан, М.Андерсен-Нексе, К.С. Причард жоғары баға берген. Ақынның шығармалары бірнеше рет басылып шығып, орыс және басқа да тілдерге аударылған. Алматы облысындағы Жабаев ауданының қазіргі Жамбыл атындағы ауылында ақынның мемориалды мұражай үйі жұмыс жасайды. КССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1941). Ленин Еңбек Қызыл Ту "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда 100 жасқа қараған шағында дүниеден қайтты.
2 қабат, абонемент