12 April, 2017 - 11:21

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»

(Абай)

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды. Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды.

4 April, 2017 - 16:01

Біздің кітапханамызда «Тағылым» зияткерлік клубы жұмыс жасайды. Осы клубта ақпан айында шешендік өнерді насихаттап жүрген, белгілі қаламгер, журналисттер одағының мүшесі Бақытқали Мұсабековпен ерекше кездесу өтті. Әрине, бұл кездесу тек мен үшін ғана ерекше болар?! Себебі, Бақытқали ағамыз жайлы көп естіген болатынмын, бірақ алғашқы кездесуім еді. Өте байсалды, тілі шұрайлы ағамыз жиналған қауымды бірден баурап алды. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, әрбір сөзіңді дұрыс саптай білу – өнер.

26 June, 2014 - 17:49

Егер Аллаһ тағала менің өмірімнің жалған екендігін бір сәтке ұмытып, маған титтей ғана ғұмыр сыйласа, онда мен ойлағандарымның бәрін айта алмауым мүмкін, ал не айтып жатқанымды ой елегінен өткізуім әбден мүмкін еді.

Мен әрбір бұйымды  бағасымен емес, оның маңыздылығымен  өлшеймін.

Егер мен әр минут сайын көз жұмғанда  өмірімнің алпыс секунтын жоғалтып жатқанымды  сезсем, аз ұйықтап көп армандаған болар едім.

Өзгелер тоқтап тұрғанда жүріп, ұйықтағанда ояу отырар ем.

Өзгелер сөйлегенде, балмұздақтың тіл үйірер дәмінен ләззат алған сияқты тыңдар ем.

10 ақпан, 2014 - 14:48

Қазақтың дәстүрлі өлеңінен әр  алып, оны өзіндік жеке үнімен байыта түскен біртуар ақын Есенғали Раушановтың «Бозаңға біткен боз жусан» атты кітабына ақынның ең  таңдаулы өлеңдері мен  "Сарыөзен", "Ғайша бибі" атты  көлемді поэмалары енгізілген.

Беттер