Поэзия падишасы

Обложка: 

Автор: 

Оңғарсынова, Ф.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, ҚР Кітапханашылар ассоциациясы қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалымен өткен «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысында биылғы 2013 жыл аталмыш акцияның кітабы ретінде ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы таңдалынып алынды. «Дауа» жыр жинағы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы әділқазылар алқасының шешімі бойынша әр жылдары жазылған лирикалық өлең шумақтарынан тұратын, 2013 жылғы халық жаппай оқитын кітап ретінде мәлім болды. Кітапта жалпы адамгершілік ақиқат айналасында әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі күннен-күнге артқан Әйел бейнесі көрсетілген. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетіндегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, кітап оқуды дамыту, рухани мұраны сақтап, жастарды отан сүйгіштікке, білімге тәрбиелеу. Жадынамада жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ және орыс тілдерінде шығармалары, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қоры және каталогы бойынша жасалған. Көпшілік оқырман қауымға арналған.