Елбасы және Қарағанды

29 қараша (сейсенбі)

Еліміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында қиын жолдарды бастан өткерді, бірақ мемлекеттігінің қалыптасуының, ұлт бірлігін нығайтудың, нарық экономикасын құрудың айтулы белестерінен өтті. Бізде ел болып атап өтетін өзіміздің ұлттық мерекелеріміз пайда болды. 2012 жылдан бастап ерекше мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтіп келеміз. Бұл мереке басқа мерекелерден өзінің көпқырлылығымен ерекшеленеді.

1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні, тәуелсіз Қазақстандағы бірінші жалпыхалықтық президенттік сайлау өткен күн. Осы күні 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98 пайыздан астам дауысымен жеңіске жеткен еді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді. Сондықтан да 1 желтоқсан еліміздің тарихында мәңгіге сақталады.

Осы мерекеге орай кітапханада "Елбасы және Қарағанды" көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі.

 

Дата: 

29 November, 2016 - 09:00