29 қараша (сейсенбі)
Әлімхан Ермековтің 125 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан және Алаш арысының мұрасы" атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891-1970) ғалым, математик, мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы көшбасшыларының бірі. 1891 жылы Теміртау болысында, Қарқаралы уезінде шаруа отбасында дүниеге келген.
Ол профессор математик атағын алған қазақ зиялылары өкілдерінің алғашқысы (1935). 1935 жылы "Ұлы математика курсы" атты қазақ тілінде оқулығы жарық көрді, 1936 жылы өзінің педагогикалық тәжірибесі негізінде жазылған "қазақ тілінің математика терминдері" атты математика терминдерінің түсіндірме сөздігі жарыққа шықты.
1939 жылы 28 ақпан күні ІІХК әскери трибуналының шешімімен Ә.Ермеков ГУЛАГ лагеріне 10 жылға айдалды. Ол лагерде отырып өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін хаттар жазған. 1930-47 жылдары негізсіз сотталды. А.Ермеков 20 жылға жуық уақытын түрмеде, саяси қуғында өткізді.
1957 жылы 26 қарашада толықтай ақталды.
Өмірінің соңына дейін Қарағанды тау-кен Институтында (қазіргі ҚарМТУ) оқытушы болған.
1966 жылы "Первая кузница инженерных кадров Казахстана" атты кітабы жарық көрді. Оның есімі Қарағанды көшесіне берілді.
1970 жылы 22 маусымда дүниеден қайтты.
2 қабат, конференц-зал
