Жақын тілдесу

Бос уақытыңызды тиімді өткізіп, тілдесу мен жаңа білім алуға талпынсаңыз, сондай-ақ, өз білгеніңізді басқалармен бөліскіңіз келсе – Гоголевка клубтары Сіз үшін!

"Қазақша сөйлесейік» тілдесу клубы". Клубтағы қарым-қатынас форматы барлық зауықты адамдарға қазақ тілін өз бетінше меңгеруде психологиялық кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді.

"Жыр-Жауһар" поэзия клубы. Поэзия клубының мүшесі болсаңыз, Сіз – алғашқы тың туындыларыңызды тілектес сын ортаға салып, белгілі ақындардың кәсіби кеңесін алуға қол жеткізесіз. Бүгінгі күні клубтың алғашқы мүшелері өздерінің өлең жинақтарын жарыққа шығарды.

"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп жұмыс істейді. Клубтың модераторы – арқаның от ауызды орақ тілді айтыскер ақыны, ҚарМУдың ұлағатты ұстазы, ф.ғ.к., доцент Айтбай Жұмағұлов. Клубқа мүше әрбір адам Қазақстан Республикасының мəдениет жəне қоғам қайраткелері мен айтулы ғалымдарының дəрістерін тыңдай алады.

"Ғажайып және шығармашылық істер" клубы. Әр сәрсенбі сайын барлық зауықты адамдарды қонақжайда инемен тоқу, моншақты кесте тігу, макраме өру және басқа да тоқу өнерлерін үйренуге күтеміз.

"Өлкетану" клубы.  Кітапхананың 22 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ең көне клубының бірі. Жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын, туған өлкеміздің тарихын, облыстың келешекте даму жоспары сынды тақырыптар төңірегінде әңгіме-сұхбаттар жүргізгіңіз келсе, Сізді күтеміз.

"Әдеби қонақжай". 12 жылдан бері кітап сүйер қауымның басын біріктіретін орта. Жаңа әдебиет, әдеби даталар, жаңа авторлармен танысу – әрдайым клуб мүшелерінің басты назарында. Бүгінгі күні аталмыш клубтан қанаттанған ақындар кітапханада өтетін іс-шараларда өз туындыларын оқып, үлкен ықыласқа бөленуде.