Жылдың үздік ақыны

Жыл соңы да жақындап келеді. Ал, біздің кітапханамыздың жанынан құрылған, бүгінде талай таланттың жұлдызын жаққан "Жыр-Жауһар" поэзия клубының қоржыны толағай табыспен толықтырылуда.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" жыр дүлдүлдері мүшәйрасында жеңімпаз атанып клубымыздың белді мүшесі, тұнық жырға толы сыршыл, нәзік жырларымен оқырман ықыласына бөленген, ақын қызымыз Рахымжанова Айзада Бүркітқызы жеңімпаз атанды.

"Жыр-Жауһарлықтардың" абыройын асқақтатып, беделін биіктете түскен Айзада Бүркітқызына қазақ әдебиетіне оның ішінде поэзия әлеміне қосар үлесіңіз зор болып, көркем өлеңнің һас шебері атануыңызға тілектеспіз!