Габриель Гарсиа Маркестің – адамзат баласына жолдауы (соңғы сөзі)

Егер Аллаһ тағала менің өмірімнің жалған екендігін бір сәтке ұмытып, маған титтей ғана ғұмыр сыйласа, онда мен ойлағандарымның бәрін айта алмауым мүмкін, ал не айтып жатқанымды ой елегінен өткізуім әбден мүмкін еді.

Мен әрбір бұйымды  бағасымен емес, оның маңыздылығымен  өлшеймін.

Егер мен әр минут сайын көз жұмғанда  өмірімнің алпыс секунтын жоғалтып жатқанымды  сезсем, аз ұйықтап көп армандаған болар едім.

Өзгелер тоқтап тұрғанда жүріп, ұйықтағанда ояу отырар ем.

Өзгелер сөйлегенде, балмұздақтың тіл үйірер дәмінен ләззат алған сияқты тыңдар ем.

Егер маған Аллаһ тағала тағы өмір сыйлайтын болса, мен әдемі киініп, өмірдің шуағына тәнім мен қоса жанымды да тосып өтер едім.

Уа Жаратушы  ие, егер менің өз жүрегім өз кеудемде  болғанда  өзімнің барлық мұң, шерімді мұздың бетіне жазып, күннің шыққанын тосар ем. Сосын Ван Гогтың  арманымен әрленген  Бенедеттидің поэмасын жұлдыздарға тәспірлеп, Серрат әнін жұлдыздарға  серенада  ғып  сыйлар  едім.

Раушан гүлінің сабағы мен жапырағының  сырлы сүйісуіне куә болу үшін, оны көз жасыммен суарар ем.

Уа Тәнірім, егер менде жер басып жүруге тағы да  титтей мүмкіндік болатын болса, өз сүйетін адамдарыма  «Мен сендерді сүйемін» демей бір күн де өткізбес ем.

Өзімнің ең қымбат адамдарды  оларға деген шексіз махаббатыма сендіріп, сүйіп және сүйікті болып ғұмыр кешер ем.

Мен қартайып ғашық болудан қалдық деп адасып жүрген жандарға, ғашық болудан қалғандықтан қартайғандарын түсіндірер ем.

Бүлдіршіндерге қанат сыйлап, ал ұшып үйренуді өздеріне жүктер ем.

О Адамдар, мен  бәрін сендерден үйрендім. Күллі адамзат баласы асқақ армандардың шыңына шыққысы келетінін бірақ нағыз бақыт сол шыңға шығуға  ұмтылған сәттер екендігін түсінбейтіндігін түсіндім.

Қарияларға ажал тек қартаюмен ғана емес ұмытылумен де келетіндігіне сендірер ем.

Өмірге келген нәресте алғаш рет әкесінің қолын ұстап оның әкелік махаббатын сезінеді және ешқашан жібергісі келмейтіні ақиқат.

Саналы адам   екінші бір адамға  биіктен қарауға, оған өз биігіне шығуға көмектескенде ғана құқылы.

О Адамдар, мен сендерден әлі де үйренетінім көп, алайда енді оның керегі шамалы. Өйткені мені ағаш сандыққа салғанда өкінішке орай мен бұл өмірде болмаймын.

Әрқашан сезгеніңді айтып, ойлағаныңды істеу үшін жүрегіңе құлақ сал.

Егер мен бүгін сенің ұйықтап жатқан бейнеңді соңғы рет  көріп тұрғанымды сезгенімде, сені қатты құшақтап, жаратқаннан сенің қорғаушы періштең қылуын өтініп сұрар едім.       

Егер мен бүгін сенің осы есіктен күлімсіреп шығып келе жатқаныңды соңғы рет көріп тұрғанымды сезсем, сені қатты құшақтап, сүйіп, әлгі есіктен қайта шығуыңды сұрар едім. Өйткені ертең сен менің сені сол есіктен күтіп тұрған бейнемді сағынбауың үшін.

Егер де мен дауысыңды соңғы рет естірімді білгенімде сенің айтқандарыңның бәрін жазып алып, қайта-қайта тыңдар едім.

Егер де мен сені соңғы рет көріп тұрғанымды сезгенімде, «мен сені сүйем» деп айтып, ақымақ, сүйетініңді білем ғой деген  сөзіңді айтпауыңды өтінер ем.

Әрқашан ертеңгі күн бар және өмір бізге бәрін түзеуге тағы мүмкіндік береді. Егер мен қателесіп мен үшін ертеңгі күн енді тумайтын болса, сені қатты құшақтап мен сені сүйем, ешқашан ұмытпаймын деп айтар ем.

Жеті жасар бала да, жетпіс жасар қария да қашан өлетінін білмейді.

Мүмкін сен бүгін өзіңе ең қымбат адамдарды соңғы рет көріп тұрған шығарсың. Сондықтан бүгін сол жақындарыңмен бірге болуға тырыс, өйткені ертең өзіңе қымбат адамды құшақтап, бетінен сүйіп және жымиып жылы қабақ танытпағаның үшін өкінуің мүмкін.

Қандай жағдай болмасын, өзіңе жақын адамдарды қолдап, жақсы көріп, кішіпейіл қарым-қатынаста бол және қолыңнан келсе құлақтарына оларды жақсы көретіндігіңді айтудан жалықпа. «Мені кешірші», «Өте өкінішті», «Рахмет және оқасы жоқ» сияқты жылы сөздерді айтуға үнемі уақыт табуға тырыс.

Сенің ойлаған ойларыңмен сені ешкім есінде сақтап қала алмайды, Аллаһ тағаладан өзіңді мазалаған ойларыңды айтып жеткізуге күш-жігер сұра. Өз достарыңа олардың сен үшін қымбат екендігін дәлелде. Армандарың үшін күрес, сенің уақытың туды. Егер сен осыларды бүгін жүзеге асырмасаң ертеңгі күн де кешегі күнге айналады және онсыз да жалған өмір жалған болып қала бермек..

Орыс тілінен аударған Жәлел Қуандықұлы