Дүниежүзілік кітап астанасы

«Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін»

Н.Пирогов

 

Иә, кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Ендеше, санамызды нұрландыратын кітаптар жайлы дүниежүзінде қандай елеулі жаңалықтар орын алып жатыр екен бірге назар салып көрейік.

Әлемдік әдебиет үшін 23 сәуір ерекше күн. Себебі, 1616 жылы сәуірдің жиырма үшінші жұлдызында  Мануэль Вальехо, Морис Дрюон, Халлдор Лакснесс дүние есігін ашса, Мигель де Сервантес-и-Сааведра, Жозеп Пла, Памела Линдон Трэверс, Уилям Шекспир және Инка Гарсиласо де ла Вега сынды тұлғалар дүниеден қайтқан екен. Сол себепті, 1995 жылдың 15 қарашасында  Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды (№3.18 қарары), яғни «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні» (World Bookand Copyright Day).

Бұл күннің басты мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, одан әсер алуға баулу және адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау. «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні» әлемнің түкпір-түкпірінде әр түрлі кітап көрмелері мен жәрмеңкелер, акциялар, конкурстар өтеді.

Осы «Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні» аясында, 2001 жылдан бастап ЮНЕСКО – ның жыл сайынғы Халықаралық баспагерлер қауымдастығы, Халықаралық кітап саудасы федерациясы және Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА) - кітап индустриясының үш секторын қамтитын халықаралық ұйымдар жыл бойы кітап астанасы атанатын қаланы таңдауға шешім шығарды. Мұнда кітап шығару, оларды алдағы 12 айда таратуға жәрдемдесу мақсатында кітап шығаратын өнеркәсіп өкілдері, баспагерлер мен жазушылардың басы қосылып байқау өткізеді. Байқауда ешқандай қаржылық сыйақы қарастырылмаған, ол кітап пен оқуға арналған үздік бағдарламаларды мойындайды және әр түрлі критерийлерден кейін әлемнің бір астанасы «Дүниежүзілік кітап астанасы» деген атты жеңіп алады. Әр мемлекет өзінің түрлі бағдарламаларын ұсынып кандидатураға түседі. Кітап индустриясының халықаралық ұйымдары оқуға ынталандыратын және ықпал ететін бағдарламаларды қолдайды.

Ал биылғы, 2020 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның бас директоры Коитиро Мацураның Консультативтік Комитетінің ұсынысы бойынша Малайзияның «Куала-Лумпур»  қаласы «Дүниежүзілік кітап астанасы» болып жарияланды.

Астана инклюзивті білім беруге, білімге негізделген қоғамды дамытуға және қала тұрғындарының барлық топтары үшін қолжетімді оқуға ерекше назар аударуына байланысты таңдалған.Ал биылғы, 2020 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның бас директоры Коитиро Мацураның Консультативтік Комитетінің ұсынысы бойынша Малайзияның «Куала-Лумпур»  қаласы «Дүниежүзілік кітап астанасы» болып жарияланды.«Куала Лумпур оқиды – оқу әлеуметтік мәселе ретінде» ұранымен дайындаған бағдарлама төрт тақырыпқа арналған: кітап оқудың барлық түрлері, кітап шығару инфрақұрылымын дамыту, инклюзивті және сандық қол жетімділік, сондай-ақ, оқу арқылы балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Бағдарлама сондай-ақ «Кітап қаласын» (Кота Буку кешенін) құруды, пойыз жолаушылары арасында оқуды танымал ету науқанын өткізуді, цифрлық қызметтердің сапасын және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Малайзияның Ұлттық кітапханасының қолжетімділігін арттыруды, сондай-ақ Куала-Лумпур қаласының кедей аудандарының кітапханаларында жаңа сандық қызметтерді көрсетуді көздейді.

Қаланың мақсаты - оқу мәдениетіне тәрбиелеу, «Оқитын қала – бұл, қаланың тағдырына немқұрайлы қарамайтын қала» атты ұранмен кітаптарға қол жеткізуді жеңілдетіп, инклюзивтілікті насихаттау. Қаланың амбициялары «Дүниежүзілік кітап астанасы» әлемдік таңдауымен, «Куала-Лумпур қаласы үшін пайымдау-2020» бағдарламасымен және ашық аспан астындағы кітап дүкендері мен кітапханалары орналасқан «Өмір өзені» атты экоқаланы құру жобасымен үндеседі.

2020 жылдың 23 сәуірінде Куала-Лумпур қаласында «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін» мерекелеу іс-шарасы өтеді.

«Цивилизацияның басты міндеті – адамды ойлау білуге үйрету», - дейді ғалымдар. Ендеше, бұл аталмыш жоба тек қалаларды цивилизациялау яғни өсіп, өркендету, жаңарту ғана емес сондай-ақ, тұрғындарының рухани бай болуына да өз үлесін қосары сөзсіз.

Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз. Болашақта біздің де еліміздің астанасы «Дүниежүзінің кітап астанасы» атағын жеңіп аларына сенеміз.

«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады», - дейді М.Әуезов. Сондықтан, рухани бай, интеллигент боламыз десек бүгіннен бастап өз кітапханамызды құра білгеніміз жөн.

                                                                                                                                                                                                       Кітапханаларды дамыту бөлімінің кітапханашысы Ұ. Жамауова