Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір

Кітапхана - бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана - рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана - бұл ғылым жұмағы! Көп оқыған, көп білер!

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

Кітапхана — оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін кітапханалардың бірі Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі кітапханада 12 құрылымдық бөлімдер мен секторлар жұмыс істейді.

Жақсы кітапқа деген қажеттілік ішкі мәдениеті бар адамдарда ғана туындайды. Оның үстіне, бұл тамақ немесе ұйықтау қажеттілігі сияқты инстинктивті деңгейде орын алады. Кітапты қадірлеу әдеті адамның бойына жасанды түрде сіңуі де, оны тәрбиелеуі де мүмкін.

Кітап сатып ала отырып шығынға батпайтын, керісінше, рухани бай ететін қазына. Оны оқуға жұмсаған уақытың - босқа кетпеген уақыт. Ал осы кітаптардың үлкен «сарайы» - кітапхана болып табылады. Кітапхана- білімге әкелетін кітаптар әлемі. Кішкентай кезімізде кітапханаға неше түрлі ертегі кітаптар алу үшін баратынбыз. Қазір анағұрылым қызықты да күрделі кітаптарды сұрастырамыз. Кітапхана атмосферасы жанға тыныштық сыйлайды. Ал кітапханашы - сенің кітап іздеудегі кеңесшің. Рас, қазір кітап іздеп, кітапханаға келетін жастар аз. Алайда, көпке топырақ шашпай-ақ қояйық. Кітап сүйер қауым да аз емес. Келешекте кітапхана саны мен сапасы дамып, келушілер көбейсе деймін.

Сіз кітапханада ұзақ болдыңыз ба? Ия, сіз бұл не екенің елестете аласыз ба? Мысалы, мен кешегі күнге дейін қазіргі кітапхана деген не екенін түсінбедім. Егер сіз ХХІ ғасырдың келгенін түсінгіңіз келсе, кітапханаға келіңіз. Мұнда қалың көзілдірігі бар әжелер жоқ (оларға қарсы ештеңе жоқ). Мұнда ынталы мамандар-жастар.  Шаңды кітаптары бар сөрелер жоқ. Ыңғайлы атмосфера бар: заманауи кітап шкафтары мен ыңғайлы креслолар.

                               Дюсембаева Сабина