Кітапхана

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

Кітапхана — оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін кітапханалардың бірі Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі кітапханада 12 құрылымдық бөлімдер мен секторлар жұмыс істейді.

Жақсы кітапқа деген қажеттілік ішкі мәдениеті бар адамдарда ғана туындайды. Оның үстіне, бұл тамақ немесе ұйықтау қажеттілігі сияқты инстинктивті деңгейде орын алады. Кітапты қадірлеу әдеті адамның бойына жасанды түрде сіңуі де, оны тәрбиелеуі де мүмкін. Бұл баспа құралдарының рөлін бағалау қиын, өйткені олар әртүрлі функцияларды орындайды.

        Дюсембаева Сабина