Кітапханадағы жаз

6 маусым күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Жазғы оқу қаласының " және "Кітапханадағы жаз" деп аталатын іс-шара салтанаты өтті. Мерекеге көп қонақтар , кітапхананың тұрақты оқырман балалары келді. Іс- шарада оқырмандар ән айтып өз өнерлерін көрсетті. Сол мерекеде мен  Ханшайым болып қатыстым. Жанымда серігім болып Ханзада жүрді. Бұл менің осындай іс- шарада бірінші рет қатысуым. Өте қызықты өтті. Келген кішкентай оқырман балаларға түрлі ойындар ойнатып, әртүрлі қызықты сыйлықтар берді. Ән айтып, би билеп көңілдерін көтерді. Балалардың көңіл күйлері өте көтеріңкі болды. Іс- шараға көптеген кітаптар қойды,  қолдан жасалынған көрнекіліктер де болды. Кітапхана қызметкерлері балаларға ойындар ойнатқызды. Кішкентай ұл балалар асық ойнап, қыздар қолдан көбелектер  жасап, оларды түрлі түсті шарларга жабыстырып мәз болып жүрді. Мерекенің соңынан телевидениядан адамдар келіп, сұхбат алды.
 

                             Жадыра  Жарылғапова