Зор тағылым иесі

Кітапхананың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы қаламыздың №27 орта мектебінің 7-сынып оқушыларына жазушы, публицист, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Бектұровқа 110 жыл толуына орай «Көкірегі қазына қария» атты ақпараттық сағатын өткізді.

Шараның мақсаты – оқушыларға танымдық бейне презентация арқылы жазушының шығармашылығымен таныстыру, балаларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әңгімелеу арқылы сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру.

Оқушылар назарына Ж.Бектұровтың өмір жолы мен шығармалары туралы бейнеролик көрсетіліп, «Көкірегі қазына қария» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылар әр жылдарда жарық көрген  шығармалармен  танысты. Сонымен қатар жазушы шығармашылығы туралы мерзімді басылымдарда шыққан мақалалар жайлы мәліметтер берілді.

Шара барысында оқушылар жазушының «Өткел» кітабы бойынша «Ауылдан ерте аттанғандар», «Кісілік деген не?», «Көшеде», «Кітап», «Ыстық карцерде» атты өлеңдері мен поэмаларының үзінділерін мәнерлеп жатқа оқыды.

Кеш соңында сынып жетекшілесі Ахметова М.С. мен мектеп  кітапханашысы Дауыпбаева Л. Д. өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

Әріптестік қарым – қатынастың жалғасады деген сеніммен біз де мектеп кітапханасына бірнеше көркем әдебиет сыйға тарту еттік.

 

                                    Көпшілік оқырмандарға қызмет
                                    көрсету секторының басшысы Батенова В.Р.