Ерлік пен махаббат жыршысы

«Құдай - ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық мол жылдар?

Ақырын - ақырын шегініп,

Алыстап кетті - ау, құрғырлар...»

деп жырлаған  қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңін арқау еткен Қазақстанның халық жазушысы, оқырманның ыстық ықыласына бөленуде бағы жанған майдангер жазушы  Ә. Нұршайықовтың ғасырлық мерей тойы, биыл республика аумағында тойлануда. Ғасыр мерей тойына орай бүгінде жазушының шығармаларын көпшілікке кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

Жазушының есімін әйгілеген шығармалары «Махаббат қызық мол жылдар» романы мен «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогиясы.

Қазақтың үлкен - кіші, кәрі - жасына дейін іздеп жүріп оқыған, сол көп оқырманның бірі ретінде менде мектеп қабырғасында  жүріп шығармамен таныс болғам. Бұл шығармаларда адал махаббат, шынайы достық пен сертке берік болуға  ізгілік, қайырымдылық, біреуге жақсылық жасау секілді  образдарымен таныстық.

Романдағы кейіпкерлердің барлығы шетінен ержүрек, қайтпас қайсар, романтик болып келеді. Әр шығарманы оқып отырып өмір сүргің келіп кетеді.

«Ақиқат пен аңыз» роман – диалогы жазушының өзінің ғана емес, аңыз адам Б. Момышұлының абыройын одан әрі асқақтата түсті. Батырдың бүкіл болмысын, майдандағы ерлігін, бейбіт күндегі адалдығын, азаматтығын барша оқырман танып білді. Жақсы шығарма авторды  ғана емес, оқырманның да қазынасы екенін, сол қазына өзіне зор абырой әкелетінін де түсіндіре білді. Әзілхан Нұршайқовтың өзге жазушылардан ерекшелейтін қасиетінің бірі жауапкершілік. Шығармаларына келген хат иесіне, яғни әр оқырманға мұқиятты түрде  жауап жазуды автор жақсы үрдіске айналдырған. Жазушылардың ішінде оқырмандарынан ең көп хат алған да Әз-атамыз.

Жазушының 100 жылдық мерейтойына арнап қалың оқырманның тұмарындай болған, «Махаббат қызық мол жылдар» телехикаясы көрермен назарына ұсынылды. Жастық шағымызда іздеп жүріп, сүйіп оқыған романды, телехикая түрінде көру де керемет жаңалық.

Қорыта келгенде Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары талай ғасырдың оқырмандарына азық болатынына сенімдіміз. Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары таңдай қағып таңдануға да, тамсана құрметтеуге де әбден лайық!

                                                                 ҚЖӨжҚҰБ кітапханашысы С. Ж. Уйсембаева