«Қазақша сөйлесейік» клубы

"Қазақша сөйлесейік" клубы 2008 жылдан бастап тұрақты оқырмандарымыздың бастамасымен жүргізіліп келеді.

Клубтың мақсаты –адам өмірінің барлық саласында қазақ тілінде сөйлеуін дамытуға және қолдануға көмек беру, сөздік қорды толықтыру.Бұл клуб қазақ тілінде аздаған сөздік қоры бар және қазақ тілінде жақынырақ тілдесімді қажет ететін тұлғаларға арналған.

Клуб мүшелерінің құрамы ауысып отырады. Клубтың алғашқы қатысушылары қаламыздың жоғарғы оқу орындарының студенттері болды. Сол кездегі алғашқы қатысушыларкөңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткізді.

Уақыт өте келе, клубқа колледж оқушылары, әртүрлі сала мамандары, үй шаруасындағы тұлғалар мен зейнеткерлер қатыса бастады.Биылғы жылы клуб отырыстарына әртүрлі салада жұмыс жасайтын жас мамандар қатысуда.

Клуб отырысының бағдарламалары әр қатысушылардың қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Клубтағы әрбір кездесу белгілі бір тақырыптарға арналған.Клуб қатысушылары достық қарым-қатынас жасай отырып, сөйлеу тілін дамыта алады, білімдерін тәжірибеде қолдануға және сөздік қорын толықтырып, қазақ мәдениеті мен әдебиеті туралы білімдерін кеңейтеді. Қатысушылар кездесу барысында өзара әңгіме жүргізіп, қазақ тілінде бейнероликтер тамашалайды, шағын диалогтар арқылы сұхбаттасады, тіл дамыту жаттығуларын орындайды. Бұл жұмыстарды өткізудегі мақсат – қазақ тілінде сөйлеудегі қорқынышты сейілтуге бағытталған.Қазақ тілде сөйлеу деңгейін дамытуға бағытталған сабақтар шағын топтықжәне жеке түрде өткізіледі.

Ана тілін меңгеріп, еркін қарым-қатынас жасауды мақсат тұтқан кез-келген оқырман үшін клубымыздың есігі әрқашан ашық. Сіздерді клуб мүшесі болуға шақырамыз!

Клуб отырысы жұма күні сағат 17.00-де өтеді.

Байланыс: Мукушева Жұлдыз Темірбекқызы.

Телефон 8(7212) 56-76-55; 8 775-781-05-40

E-mail: info@karlib.kz