Қымбатты блог қонақтары!
Кітапханада Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Қыз – ғұмырды» жырлай берші, жыр - ғұмыр» атты тамаша әдеби- сазды жыр кеші болып өтті. Бұл кеш бір жағыннан, ақпан айыннан басталған «Бір ел – бір кітап» акциясын қорытындылайтын шаралардың бірі болса, екіншіден халық санасына қозғау салған тартымды шаралардың бірі болды.
Кештің болатынын естігендер кітапханаға хабарласып, ниеттерін білдірсе, кеш соңында «қап, ей, бітіп қалды ма?»- деген қынжылыстарымен, «осындай кештер жиі болса екен»- деген пікірлерін білдіріп жатты. Сіздердің көкейлеріңізде, «соншалықты ол қандай кеш?» деген сауал тұрған шығар. Сондықтан, аз-маз кештің барысы туралы айтып кетейін, бірақ, бейнероликті көрсеңіздер өздеріңіз-ақ түсінесіздер. «Жыр -Жауһар» поэтикалық клубының балауса ақындары Фариза ақынның бірде мұңлы, бірде асқақ, бірде нәзік жырларын нақышына келтіріп оқып, бір демде жиналған жұртты өлең сиқырымен баурап алды.Одан соң кезекті екі жыл бойы Атырау қаласында өткен «Махамбет оқуларында» бас жүлдені иеленіп жүрген орыс мектебінің шаңырағында жұмыс істейтін №61 мектеп оқушылары алды. Кенжебаева Айнұр Махамбеттің 251 өлеңін, Фариза ақынның 80 өлеңін, ал, Еркебаева Оразгүл Махамбеттің 291 өлеңін, Фаризаның 161 өлеңін жатқа біледі екен. Ал, олардың ұстазы Дидар Қарсыбекқызы мінезінің Фариза ақынға ұқсас жақтары барын айтып «Мінез» атты өлеңін оқып бергенде ақынның екі жүзділікті бар болмысымен жек көретінін, шындықты бет-жүзің демей бетке айтатын мінезіне тағы бір мәрте куә болдық.
Кітапхана оқырманы, зейнеткер Смағұлов Рымбай немере тәрбиесімен айналыса жүріп, бос уақытысында поэзия оқығанды жақсы көреді екен. Фариза ақынның жыр кеші болатынын естіп, уақыт тауып арнайы келіпті. «Қасым» журналының редакторы Серік Сағынтай, облысымызға жақсы танымал ақын Қайрат Асқар, жас ақын Алмас Мырза-Ахметұлы айқан әңгімелері өте қызықты болды. Кеш соңында шырқалған «Әйел- ару, әйел-жар, әйел-ана әлемге, Әйел-дастан, әйел-жыр, Гүл сыйлаңдар әйелге» деген ән жолдарын барлық қонақтардың ыстық ықыласпен қабылдауы,«Әйел атты ұлылыққа», Фариза ақынға, поэзияның құдіретіне деген сүйіспеншіліктерінің лебіндей есті. Ақынның өміршең өлеңдерін оқу акция шеңберінде қалып қоймай, әрқайсымыздың өміріміздің өрнегімен өрілетініне сенімдімдіміз.