Мәдени шаралар дайджесті. Ақпан.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-28 ақпан күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

10 ақпан (жұма)

Ағылшын жазушысы, сценарист, «Оскар» сыйлығының иегері Сидни Шелдонға арналған «Секрет феноменального успеха» атты көрме-квестіне шақырамыз.

2 қабат, абонемент

 

12 ақпан (жексенбі), сағат 14.00

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Америка бұрышында Kazakhstan Spelling Bee 2017 сайысы өтеді. Ең үздік ағылшын тілінің спеллері” (speller) атануға, бағалы сыйлық иегері болуға мүмкіндігіңіз бар. Қаламыздың 18 жасқа толған ЖОО, колледж студенттерін байқауға қатысуға шақырамыз.

2 қабат, халықаралық кітаптар бөлімі

 

14 ақпан (сейсенбі)

Қазақстанның БҰҰ қабылданғанына 25 жыл толуына орай, «Қазақстан және БҰҰ: 25 жыл ынтымақтастықта» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

14 ақпан (сейсенбі)  сағат 11.00

М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актеры, республиканың халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың 100 жылдығына арналған «Театр өнерінің шоқ жұлдызы» атты мерейтойлық кешке қатысуға шақырамыз.

Мүлік Сүртібаев 1994 жылы 5 қараша күні Қарағанды облысының Тельман ауданының №5 ауылында дүниеге келген. 1933 жылы ол жұмысшы жастардың театрына 16 жастағы жасөспірім болып келген. Одан кейін Қарағанды драма театры жанындағы студияда білім ала жүріп, кәсіби театр құрамына кірді. Оқуды бітірген соң  осы театрға жұмысқа қабылданып, 1956 жылға дейін жұмыс істеді.

1956 жылы М.Сүртібаев Қарағандыдан Алматыға көшті. 1957 жылдан бастап 40 жыл ғұмырын арнаған М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актеры болды. Осы сәттен оның өмірінің жаңа шығармашылық кезеңі басталды.

50-жылдардың соңында нағыз даңққа ие болды. М.Сүртібаевтың жасы ол кезде 40-тан асқан. Актер Қазақ академиялық театрының құрамымен Қазан, Уфа, Нүкіске гастрольдік сапармен барды.

М.Сүртібаев кино сүйер қауымның да жүрегін жаулап үлгерген. Ол "Біздің сүйікті дәрігер" музыкалық комедиясында Мұраттың образын, "Өжет қызда" Аңғарбайды сомдаған. Тағы да басқа киноларға түсіп, қызықты рөлдерде ойнаған: "Ботакөзде" Мадиярды, "Егер де біздің әрқайсымызда..." Маймұрынды, "Ән қанатында" Найылды.

М.Сүртібаев – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері. Актер Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қарағандыда тұрған үйінің (Чкалов көшесі, №2) қабырғасына ескерткіш тақтасы орнатылған.

Ол Алматы қаласында 1997 жылы дүниеден қайтты.

2 қабат, конференц-зал

 

16 ақпан (бейсенбі), 16.00-де

Сіздерді Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Стивен Кови халықаралық орталығы сертификатының иегері, жерлес қаламгер, сазгер, тіл жанашыры Бақытқали Мұхамедқалиұлы Мұсабековпен өтетін «Тағылымы мол тарих мұрасы» атты кездесу кешіне шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

17 ақпан (жұма), сағ. 12.00-де

Өлеңсүйер қауымды Қазақстан Жастар одағы, халықаралық тәуелсіз «Ильхам» және Алаш әдеби сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті ақын Қасымхан Бегмановпен өтетін шеберлік сыныбына шақырамыз.

2 қабат, конференц-зал

 

20 ақпан (дүйсенбі)

Алғыс күніне арналған «Бірлік пен алғыс – мемлекеттің игілігі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

3 қабат, оқу залы

 

23 ақпан (бейсенбі) сағат 15.00

Ақын Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдығына арналған еске алу кешіне шақырамыз.

Жеңіс Қашқынов 1942 жылы 4 наурызды Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Қуаныш ауылында дүниеге келген.

1959 жылы №12 орта мектепті бітірген.

ҚазМУ бітірген соң «Лениншіл жас» республикалық газетінде, қазақ радиосында жұмыс істеген. «Мектеп» баспасында редактор қызметін атқарды.

Алғашқы өлеңдер жинағы 1967 жылы «Вечернее солнце» атауымен жарыққа шықты.

Ж.Қашқыновтың өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдован, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Ж.Қашқынов – Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі (1973). «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Ақын 2006 жылы қаңтар айында дүниеден өтті.

2 қабат, конференц-зал

 

24 ақпан (жұма)

Абонемент бөлімі Энтони Берджесстың 100 жылдық мерейтойына арналған «Заводной» атты көрме-портретін назарларыңызға ұсынады.

2 қабат, абонемент

 

26 ақпан (жексенбі) сағат 11.00

Кітапхана оқырмандарын Болат Жандарбековтың 85 жылдығына арналған «История народной полотно» атты әдеби қонақжай клубының отырысына шақырамыз.

2 қабат, абонемент