1 сәуір – Күлкі күні.
Құрметті кітапхана оқырмандары, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздерді күлкі күнімен құттықтай отырып, «Көңілді сатира сазы» тақырыбында шағын ақпарат ұсынады.
Күлкі - жанның шипасы. Күліп көңілді жүрейік.
Сатира – өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. «Сатира» грек тілінен аударғанда «қоспа», бұл нақты шындықты көрсету, жетілдіру мақсатында оны сынау деген мағына береді.
Сатира ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің «Сатирикон», Апулейдің «Алтын баспақ» романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар ХVII ғасырда дүниеге келді.
Журналистика теориясын зерттеушілер сатиралық жанрлардың мынадай түрлері: фельетон, памфлет, эпиграмма, мысал, шарж, карикатура, анекдот т.б. бар екенін айтады.
Фелъетон. Сатиралық жанрдың бір түрі - фельетон. Фельетон дегеніміз - шағын келемді, публицистикалық үнді, әсерлі тілді, сын-сықаққа бай, күлкілі жайлары бар әдеби көркем шығарма. Фельетон негізінен баспасөз беттерінде жиі көрініс табады. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, фельетон талаптары жоғары, бір сыншының бойынан әрі көркем, әрі публицистикалық ой айту, әрі әдеби тілмен өрнектеп жеткізу қабілеті кездесе бермейтіндіктен бұл жанр өте сирек кездеседі.
Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған.
Сатира - І.Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира "Тілші" (1923 - 25), "Еңбекші қазақ" (1928 - 31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 1929 жылы "Сықақ" атты жинақ шығарды. І.Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 1935 жылы "Құқ"деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді.
20-жылдардағы сатираға А.Сегізбаев т.б өзінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы "Түйреуіш" атты жинақ шығарған Қ.Қуанышбаев, "Тоқсан" атты кітабы шыққан Ж.Сәрсеков, "Күлмескене" жинағы басылған Қ.Тайшықов пен "Шаншу" атты кітаптың авторы Е.Дүйсенбековтерді айтуға болады.
Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі назарларыңызға төмендегіндей әдебиеттерді оқуға ұсынады:
- Адамбеков С. Аюбайдың ажалы [Мәтін] : драмалық шығармалар мен сатиралық комедиялар / С. Адамбеков, 1981. - 312 б.
- Ахметчин Ғ. "Ұмытшақтық" зобалаңы [Мәтін] : Сықақ әңгімелер, сатиралық повесть / Ғ. Ахметчин, 2001. - 336 б.
- Әбдіраман Е. Қазіргі қазақ сатирасы [Мәтін] : оқу құралы / Е. Әбдіраман, 2003. - 34 б.
- Әмір-Бек К. Із [Мәтін] : Сықақшы Үмбетбай Уайдинмен сыр-сұхбат / К. Әмір-Бек, 2005. - 328 б.
- Әубәкіров, О. Төрт томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 2 т. : Анау мен мынау. Әзіл-сықақтар, 2005. - 240 б.
- Жаппасұлы Е.Қымсынбашы, қылықтым [Текст] : Әзіл-сықақ әңгімелер / Е. Жаппасұлы, 2001. - 252 с.
- Кенеев Т. Қыңыр [Мәтін] : Сықақ әңгімелер, мысалдар / Т. Кенеев, 1989. - 103 б.
- Кенжеахметов С.Хан-бароннасезон [Текст] : Юмористическиерассказы / С. Кенжеахметов, 1988. - 304 с.
- Күлеміз бе, қайтеміз? [Мәтін] : Эстрадаға арналған әзіл-сықақ кітабі / құраст. С. Еркебаев, 1989. - 160 б.
- Күллі әлемнің күлкісі [Мәтін] : Шетелдік сатирик-юмористердің таңдамалы шағын туындылары / Б. Садыр, А. Сыздық, 2007. - 296 б.
- Қабышұлы Ғ. "...изация" [Мәтін] : таңдамалы / Ғ. Қабышұлы, 2005. - 288 б.
- Қабышұлы Ғ. Көлденең кітап [Мәтін] : сатиралық әңгімелер / Ғ. Қабышұлы, 2000. - 112 б.
- Қуанышбаев Қ. Шаншарлар [Мәтін] : Өлеңдер-фелетондар, сықақ әңгімелер, пьесалар / құраст. С. Бегалин, 1962. - 260 б.
- Құлиясов Т. Қоңыраулы күлкіграмма [Мәтін] : Сықақ әңгімелер / Т. Құлиясов, 1989. - 176 б.
- Нұрғалиев Р. Айдын [Мәтін] : Қазақ драматургиясының жанр жүйесі: Монография / Р. Нұрғалиев, 1985. - 400 б.
- Ой, қытығым келеді! [Мәтін] : Сықақ әңгімелер, 1994. - 176 б.
- Садуақасов Қ. Әзілің жарасса [Мәтін] : сықақ өлеңдер мен мысал айтыстар / Қ. Садуақасов, 1989. - 48 б.
- Тоқмағанбетов А. "Дейді екендер" дейді екен [Мәтін] : сатиралық шығармалар / А. Тоқмағанбетов, 2005. - 288 б.
- Фельетондар [Мәтін] : Жинақ / алғысөз Б. Қыдырбекұлынікі, 1962. - 252 б.
- Яшукірқызы Ө. Сексеуілдің шоғы [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Ө. Яшукірқызы, 2005. - 88 б.
- Ғазизов, Айдарбек. Айтпаса да түсінікті [Изоматериал] : сборник / А№Ғазизов ; авт. предисл. Ғ, Қабышев, 1989. - 56 с.
- Әмірбек К. Батпанқұйрық [Мәтін] : [сатиралық повесть] / К. Әмірбек, 2016. - 478 б.
- Зұлхарова Ү. Депутат отыр партада [Мәтін] : сын-сықақ, әзіл-әжуа, пародия, әзіл әңгімелер / Ү. Зұлхарова, 2012. - 188 б.
Г. Кадырова, өнер әдебиеттері бөлімі