Бозаңға біткен боз жусан: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Раритет, 2006. – «Алтын қор» кітапханасы

Қазақтың дәстүрлі өлеңінен әр  алып, оны өзіндік жеке үнімен байыта түскен біртуар ақын Есенғали Раушановтың «Бозаңға біткен боз жусан» атты кітабына ақынның ең  таңдаулы өлеңдері мен  "Сарыөзен", "Ғайша бибі" атты  көлемді поэмалары енгізілген.

Аталмыш жыр жинағының тілі көркем әрі шұрайлы. Оқырманның көңіліндегіні дөп басатын орамды, ауқымды ойлар негізге алынып, ақынның өз "менімен" астасып жататын жауһар жырлар қазақ поэзиясының алтын қорында сақталған. Бүгінде әлемдік поэзия жауһарына бой түзеп бара жатқан Есенғали поэзиясы осы кітапты қолына алған кез-келген оқырманды бей – жай қалдырмасы сөзсіз.

Қазіргі таңда ақын  Антакия мемлекетінде  әлемнің ең озық әдебиет туындыларымен танысып өз білімін жетілдіруде. Біз Е.Раушановтың қасиетті қазақ поэзиясының қазынасын толықтыра түсетіндігіне сенеміз.

Бүгінде Ж.Жақыпбаев жоғары бағалаған Е.Раушанов есімі қазақтың аймаңдай ақындары С.Ақсұңқарұлы, Т.Әбдіһәкімов, Т.Медетбек, Ұ.Есдәулет есімдерімен қатар аталып жүр. Есенғали Раушановтың аталмыш жыр жинағы, оның кез келген кітабы Қазақстанда  тіпті көрші мемлекеттерде ең көп сұранысқа ие.

Бұл сөзіміздің дәлелін мына жауһар жыр үзінділерінен көруге болады.

Бозаңға біткен боз жусан,

Боқыраудың күні болғанда,

Бозарып барып солар ма,

Мен бозаңды құшып көз жұмсам,

Қара жер қойның толарма?!

 

Жасыл да жасыл, жасыл бел,

Жайлаған болдым қарыштап,

Ұйқымды бекер қашырды ол,

Жақындай түсіп,алыстап.                      немесе

 

Құныға жұтар құнан қымызға құмартып,

Отауға ендім. Жусанның исі тұр аңқып.

Ұрлана келіп, «Ұры» сайменен жүргенше,

Ұрандап келіп, дөңменен  жүрген мың артық!

сияқты Есенғали жырлары бірінен бірі көркем, бірінен бірі астарлы нағыз қазақи  дәстүрлі қара өлеңнің озық үлгілері деп осыны айт. Маған дербес оқырман ретінде "Бозаңға біткен боз жусан" жыр жинағына енген ақын өлеңдері мен поэмаларының алдымен шынайылығы, көркемдігі, сезімділігі, образдылығы ұнады. Әрбір өлеңнің астарында ауқымды бір ойдың жататындығы және сол өлеңнің түп тамыры қазақтың қазыналы "Жыраулар поэзиясына" барып тіреліп өн бойынан қарапйым қазақи мінездің аңқып тұратындығы кеудемде өшпес әсер қалдырды. Жыр кітабының "Бозаңға біткен боз жусан" деп аталуының өзінде үлкен философия жатыр. Өйткені қарға тамыр қазақтың атам заманнан бергі тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ұлттық болмысы мен таным түсінігінде жусанның алатын орны ерекше. Енді "Бозаңға біткен боз жусан" деп қарайтын болсақ, қазақтың  созылып жатқан бозаң тартқан даласындағы өсіп тұрған жусанның бозарып барып солуын ақын өзінің ақындық, азаматтық   тұлғасымен салыстыра, шалыстыра суреттеген. Және де ақын болсын, әкім болсын ешкімнің бұл өмірде мәңгі өмір сүрмейтіндігін осы жырға арқау етіп, Мен бозаңды құшып көз жұмсам, Қара жер қойның толар ма?! - деп қасиетті жер анамен тілдеседі. Келесі бір үзіндіде де сол жусанды, қазақтың ұлттық сусыны болып саналатын қымызды  арқау етіп қазақтың мәрт мінезді, дархан пейілді, ақжарқын халық екендігін меңзеп біртұтас ұлттың атынан сөйлеп тұр. Бұл жерде ешқандай алып қашпа теңеу жоқ. Қазақтың қандай кеңқұшақ халық екендігін күллі әлем біледі  - десек артық болмас...

Жәлел  Шалқар  «Жыр-Жауһар»  поэзия  клубының  жетекшісі