Шағын жанрдың шебері

"Бір ел - бір кітап" акциясына арналған викторина.

 

«Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кетпейді» деп басталатын әңгіме?
«Басында Үшқараның»
«Менің қарындасым»
«Жусан иісі»
С.Мұратбековті «Менің қазақ бауырым, туысым» деп бауырына тартқан орыстың белгілі жазушысы?
В.Ульяшов
В. Шукшин
В.Вартанов
«Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» әңгімелерінің ортақ және басты тақырыбы?
Ұлы Отан соғысы
Ауыл өмірі
Жетімдер тағдыры
Жастық шақ өтіп, отызға іліккенде әр адамның жүрегінде өзінің бозбалалық дәуреніне деген сағыныш пен қимастық сезім туады. Осы шақтағы толқу мен толғану қай шығармада қамтылған?
«Басында Үшқараның»
«Қысқы кеш»
«Жабайы алма»
С.Мұратбековтің барлық шығармашылық мұрасы қанша әңгіме повестерден тұрады?
50- ден астам
30- дан астам
15-тен астам
Ұлы Отан соғысы жылындағы ауыртпалықты суреттейтін шығарма?
«Көкорай»
«Жусан иісі»
«Басында Үшқараның»
«Әсет далаға көз тастаған. Сол баяғы талай рет аттылы-жаяулы жол шеккен бел-белестері» деген жолдар қай әңгімеде кездеседі?
«Жусан иісі»
«Басында Үшқараның»
«Күзгі бұралаң жол»
Жазушы шығармасындағы ғажайып қиялдарға беріліп, армандайтын бала кім?
Садық
Есікбай
Аян
«Жусан иісі» әңгімесінің идеясы?
жетім баланың ата-анасын сағынуы
туған жерге деген сүйіспеншілік
балғын бала махаббат
С.Мұратбековтің шығармашылығының шыңы болған әңгіме?
«Жабайы алма»
«Қылау»
«Басында Үшқараның»