2017 жыл, қараша Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 1-31 қараша күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті
5 қараша (жексенбі)
Қазақ тілін латын қарпінің бірыңғай стандартына көшіру іс шараларының жоспары аясында кітапханамызда ұйымдастырылған «Латын әліпбиі – өткені мен болашағы» атты «Жыр–Жауһар» поэтикалық клубының отырысы өтеді. Отырысқа қатысуға шақырамыз.
2 қабат, конференц-зал
8 қараша (сәрсенбі)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы 1993 жылы 2 қарашада шықты. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге қолданысқа енгізілді, яғни бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта күні деп есептеледі. «Теңге – Тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
3 қабат, оқу залы
10 қараша (жұма)
Биыл қазақтың ақыны, композитор, әнші Әсет Найманбайұлының (1867-1922 ж.ж.) туғанына 150 жыл толып отыр, сонымен қоса, осы жылы халық ақыны, Көшен Елеуовтың (1892-1971 ж.ж.) 125 жылдығын да атап отырмыз. Осы екі атаулы күндерді біріктіре отырып өлкетану бөлімі «Қалдырған арда өнері бабалардың...» атты шығармашылық кешін дайындады.
2 қабат, конференц-зал
17 қараша (жұма)
Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған Әдеби диспутқа қатысуға шақырамыз, іс-шара жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» атты атақты романына арналған.
2 қабат, конференц-зал
20 қараша (дүйсенбі)
Алаш партиясының 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – азаттықтың алтын қазығы» атты кітап экспозициясына шақырамыз.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз: мемлекет билеу түрі, қазақ облыстарында автономия жер мәселесі, оқу мәселесі, дінге көзқарасы, қазақ әйелдерінің ахуалы, құрылтай жиналысындағы сайлауға дайындық сұрақтары.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл съезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екінші жалпықазақ съезінде «Алаш – Орда» атауы берілген Алаш автономиясы жарияланды.
3 қабат, оқу залы
21 қараша (сәрсенбі)
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді.
Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақтан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. Міне, содан бергі 25 жылға жуық уақыттың ішінде Мемлекет басшысының еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген үлесі шексіз. Сол үшін де біз, бұл мерекені Тұңғыш Президент күні ретінде тойлаймыз.
Осы мерекеге орай кітапханада «Елбасы – ел тірегі, ел намысы» атты көрме ұйымдастырылады.
2 қабат, оқу залы.
26 қараша (жексенбі)
Жастарды Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Елбасы – ел тірегі» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.
2 қабат, конференц зал
26 қараша (жексенбі)
Дмитрий Снегиннің 105-жылдығына арналған Әдеби қонақжайдың «С любовью к родной земле» атты отырысы өтеді. Д.Снегин – атақты ақын, прозаик және аудармашы, панфиловтық офицер, Президенттің бейбітшілік және келісім премиясының лауреаты. Дмитрий Федорович – өзінің туған жеріне өмір бойы шығармашылығымен және шынайы өмірімен адал болып өтетін жанның бірі.
2 қабат, конференц-зал
27 қараша (дүйсенбі)
Нашақорлық пен ЖИТС, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері кітапхананың ақпараттық насихаттау жұмысында ерекше орын алады. Аталған жұмыстар қорды толықтыруда, анықтамалық аппаратты құруда, көрмелер мен көпшілік іс шараларды ұйымдастырғанда көрінісін табады. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай «Маған бәрібір емес, ал саған?=Мне не все равно, а тебе?» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.
2 қабат, абонемент