Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ішкі жан дүние – мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды. «Киіміне қарай қарсы алып, Ақылына қарай шығырып алады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен дауысыңды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың – білім мен тәрбие. Киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін, оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан көргеннің бәріне еліктеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» дегендей жақсы мен жаманның арасын ажырата білу керек.
Адам ата-анадан туғанда білімді, әдепті, талапты болып тумайды. Ол естіп, көріп, оқып, ізденіп бірақ болады. Дүниедегі жақсылық пен жамандықты, әдептілік пен әдепсіздікті, ұқыптылық пен ұқыпсыздықты айырып үйреніп өседі. Адамның қасиеттері туралы ақын-жазушылар өлеңдерінде өте көп жазылған. Соның бірі Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде өте жақсы жазылған: Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз Тілеуің, өмірің алдын- да Іздемей ақ табылар. Ғылым жолы-әділдік жолы. Оның ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. Бұл өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді білім, әдеп, өнер қуатын уақытын бос өткізбей еңбектенуіне жол ашады Жаман қасиетін тастап, жақсы қасиеттерді алуы дұрыс. Адамның іс-әрекетінде, мінез-құлқында әдептілікке жатпайтын әдеттер жиі кездеседі. Олар кісінің абыройына нұсқан келтіріп,жаман атын шығарады, дос ағайыннан аластады. Сондықтан ондай әдеттер жайында халық: «Ауру қалса да, әдет қалмайды» десе, Әл-Фараби: «Жаман мінез-құлық-рухани кесел»-дейді. Жамандықтан сақтанудың тағы бір жолы «Өзің білмегенді өзгеден үйрену». Мысалы: Төле би атамыз айтқандай:
Өзің білмесең өзгеден үйрен,
Үйренгеннен ештенең кетпейді. Сондықтан өзін білмегенді өзгеден үйрену де, өнер.
Ұсақ болма, ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаңда, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы, парқын сөз,
Ата сөзі алтын сөз! - деп Нәсіпбек Айтов айтқандай жаман әдеттен аулақ болу баршамызға міндет.
Ата- ана әрқашан балаларының «Еліне елеулі, халқына қалаулы» азамат болуын қалайтыны белгілі. Ал тәрбиені дұрыс не бұрыс қабылдау баланың тікелей өзіне байланысты. Кейбір балалар ғаламтордан керекті мағлұматтарды алудың орнына кері әсер тигізер ойындарға әуес. Сонымен қатар жастайынан дөрекі сөйлеу, темекі шегу сияқты жаман әдеттерге бой алдырулары көңілге кірбің ұялатады.
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйініне келсек, қазақтың алтын асықтай ұл- қызлары «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығын әрқашан бойға сіңіріп өткендерін қалар едік.
Кітапханамыздың мерзімді басылымдар секторынан бұл тақырыпта оқи алатын барлық газет-журналдарды ұсынар едім. Өйткені көп керекті дүниелеріңізді таба аласыздар! Мысалы, «Қазақстан әйелдері» журналының 2018 жылғы №5 санында Құралай Ошақбаева «Армандарға жол ашқан» мақаласын ұсынар едім. Қазір әлеуметтік желдегі ең мықты коучтардың бірі. Үйренуден жалқыпау керек екенін айтады. Жұлдыздар отбасы «Аңыз адам» 2018 жылға №11 санында «Абайтану» айдарымен шықты. Аталмыш тақырыптан рухани қазына алыңыздар! Республикалық әдеби-көркем «Тұмар» журналында Әлібек Асқаровтың «Ажал тауы» мақаласын оқыңыздаршы! Өмірдің мәнін бір секундта көз алдымызға әкеледі. Сондықтан жақсылардан әрқашан үйреніп, жамандықтан алшақ жүрейік құрметті оқырман!
Мерзімді басылымдар секторы кітапханашы
Күлмағамбетова Г.С.