Қазақ даласы қашаннан әсем де көрікті өлкелерге бай. Соның бірі – Баянауыл аймағы. Көрсең көңілің толатын, көрмесең алыстан арман қылатын Баянауыл өңірінің табиғаты ерекше. Мұндағы Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері ертегідей әсем. Өзеннің айнадай жарқыраған бетіне таулардың бейнесі түседі. Өзендегі және бұлақтағы сулар көз жасындай таза және мөлдір. Демалу үшін мүмкіндік мол: суға шомылғың келсе – шомыл,су спортымен айналысқың келсе – оған да мүмкіндік бар. Жасыбай мен Сабынды көл өзендерінің арасындағы асудың ең биік жерінде зират бар, онда жоңғар басқыншыларын өз әскерімен жойған Жасыбай батыр жерленген. «Қоңырәулие» қасиетті үңгірінде, кіре берісінде кіретін есікті күзетіп тұрған сфинкске ұқсас үлкен гранит мүсін бар. Үңгірдің ұзындығы отыз метр, түбінде су толы шұңқыр бар. «Қоңырәулие» үңгірі көптеген қазақстандықтардың мінәжат ететін орнына айналған .Осы жерге қонып шыққандар ерекше қуат алады, арман – тілектері орындалады деген ырым бар. Үңгір ерекше қорғалатын нысанға жатады. Дала шоқ қайыңдар мен жидек, саңырауқұлақтарға өте бай. Табиғат – Жаратушы иенің керемет туындысы.
Асқақтатып Ақбеттен Баян әнін,
Жер сұлуын келсе егер аялағың –
Жасыбайдың көлінде сайран салып,
Саяла сен жұпарлы сая бағын, - деп Қабдыкәрім ағамыз жырлаған осындай әсем де қасиетті өлкеле демалуға шақырамын.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева А.С.