Адамзат баласының ең сүйікті, ең көңілді, сиқырға толы деп үмітке жетелейтін мерекесі – Жаңа жыл. Әр жылда өзіңді жаңа табалдырық аттайтындай сезініп отырасың. Кеудеңде: "Осы жыл мен үшін қандай жыл болар екен? - деген сауал тұрары анық. Жаңа жыл қашан да ертегі, ғажайып кездесулерге толы. Жасыл шырша, жарқыраған алау-шамдар, түрлі – түсті ойыншықтар, шырқалған әсем ән-жырлар, күмбірлеген күйлер, шат-шадыман көңіл күйде жүрген балалар мен үлкендер осы мерекенің шырайын кіргізеді.
Жасыл шырша - ежелден Жаңа жылдың нышаны, сол түні әр үйдің төрінен орын алады. Әр отбасы тәтті-дәмдіге толы дастархан жайып, қызу даярланады. Бір-бірлеріне жақсы тілек айтып, әдемі сыйлықтар ұсынады. Жаңа жылды жер бетіндегі барша халық тойлайды. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Түрлі халықтың, әртүрлі салттарына қарамай, оларды біріктіретін – мейірімді, көңілді Жаңа жылды қарсы алу.
Ең жақсы күн – Жаңа жыл қай елде де,
Қызығы ортақ кедей мен бай Елге де,
Мен отырдым өзімдей бақыт тілеп.
Жер бетінде жүрген бар әйелдерге, - деп ақын Ақұштап апайымыз жырлағандай, барша халықты мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл баршаңызға жаңа табыс, жаңа өрлеу жолын, жаңа бақыт, мықты денсаулық әкелсін.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл