Құрметті блог оқырмандары, Сіздермен 2019 жылы қайта қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Биылғы жыл блогымыз үшін табысты жыл болмақ. Өздеріңізге пайдалы ақпараттарды ұсыну мақсатында аянбай еңбек ететін боламыз.
2018 жылдың 5 қазан күні Елбасымыз 2019 жылғы халыққа арнаған жолдауында келер жыл «Жастар жылы» деп ерекше атап өтті. Ел ертеңі - болашақ жастарымызда. Қазақ елі үшін арайлап атқан әрбір таң - бақытты ұрпақтың бірден - бір көрінісі болып табылады.
Жарқын өмір баспалдағы - қазақ халқының тәрбиелі, ержүрек, инабатты, батыр ұл-қыздарының қолында. Білімді жастарға елімізде көптеген биік жетістіктерге жету үшін мүмкіндіктер жасалған.
Мемлекетіміз ұстанған жастар саясатының негізгі мақсаты – лайықты тұлға ретінде болашақ патриотты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан, қазіргі аға буын Тәуелсіз Қазақстанның жастарына айрықша үміт артады. Ел ертеңінің айнасы - жастар деп қарайды. Ел келешегі – солардың қолында. Елбасы жастарды әрдайым қолдап келеді. Оларға үлкен сенім білдіреді. Тәуелсіз елдің – тәуелсіз жастары болашаққа байыпты қадам барысында әр кез қолдап отыруымызды талап етеді.
Бейбіт күннің астындағы берекелі өмірдің мақсат – мүддесі бір болса, алар асу, бағындырар белестер елімізге пайдалы болмақ.
Жетістік жолы қашанда ең алдымен білімді, адал еңбекті, жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Осы жетістіктің туын болашақ жастарымыз ел тәуелсіздігі үшін ерінбей биікке көтеріп жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. Жастардың таңы арайлап атқанының бірден - бір дәлелі болары хақ.
Тарихтың ғасыр жүгін арқалаған қазақ елінің сөзден іске көшетін уақыты келді. Жастарымыз берілген жаңа мүмкіндіктерді босқа өткізбей, Ұлы даланың ұлы тұлғалар ізін жалғастыру жолында қанаттанса, қоғамның жарқырауына мол мүмкіндік сыйлай алатын да міне, осы жастар деп айта аламыз.
Кітапханамыздың асыл оқырмандары, Сіздер үшін жазылған әр ақпараттан керемет дүниелермен толық танысқыларыңыз келсе, кітапханамыздың жаңа кітаптарын оқуға кеңес бере отырып, оқуға шақырамыз!
Оқу залдары, кітапханашы
Тусупбаева М.Ж.