Қаламгерлер хоббиі

Халқымыздың тарихында өздерінің сүбелі еңбектерімен танылған талай ақын – жазушы ағаларымыз бар. Олардың шығармаларынан басқа әуестенушілік пен түрлі қағытпа қалжыңдары жетерлік. Солар жайлы сөз етсек деймін. Ақын Темірбек Медетбек «Геолог» атты өлеңінде:

...Көз алдында туған өлке байтағы,

Жер қыртысы,

Жер жұмбағы айтары.

Қатпар-қатпар қойнауынан таулардың

Жұдырықтай тастар алып қайтады, - деген. Сөйтсек, Темірхан ағамыз кәдімгі малта тастар және қурай, бозқараған, тобылғы тектес өсімдік тамырлары мен бұта қиындыларын жинайтын көрінеді. Мәселен, талай жылдар бойы су шайып немесе бір-біріне соғылып жұмарланған тас бедерлерінің бірі әр түрлі аң- құстардың кейпіне ұқсас,екіншісі адам кескініне келеді. Яки, үш тармақ тобылғыбұтағынан қиып алған кесінді көз алдыңызға елеңдеп ытқығалы тұрған елікті әкелсе, кей шілік бұтасының қиындысы қанаттарынан дауыл соғып, аузынан от шаша, көктен шүйілген алып айдаһардың бейнесін әкеледі. Ақын ағамыздың қолында мұндай дүниелер көп екен.

Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл