«Тентек шоқпар жинайды,
Ақын – қалам...»- деген ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Оразақын Асқар ағамыз да қаламсап жинаған екен.Ол алғаш мектеп табалдырығын аттаған тұста қағаз тапшы, оның орнына жылқының жауырынын пайдаланған. Ал, қаламсап орнына қытайлықтардың иероглиф жазатын қылқаламын қолданған.Жинаған қаламдарының саны мыңға тарта болған.Өте ұзын немесе шынашақтай ғана келетін, бір жағы жиналмалы кездік, яки тас қараңғы түн ішінде де жаза беруге болатын , былай аударсаңыз, ішінен тыр жалаңаш әйел бейнесі көрінетін, кері төңкерсеңіз, онысы лезде киіне қалатын қаламдары да бар екен.
Жыр жолдарының да әр шумағын жуандығы екі елідей он екі түсті сиямен жазатын қаламмен көшіріп отыруды ұнататын көрінеді. Қолы қалт етсе бау - бақшасын мәпелеген бағбандай, ұқыпты жинаулы тұратын қаламдарын қолға алады екен. Бұзылғандарын жөндеймін, немесе сынғандары болса бір-біріне жалғап, « екінші өмір» беремін.Осыдан рахат табамын, шабыт аламын деген .Сөйтіп, қаламдар «галереясы» қатары бірте –бірте көбейіп отырады. Өйткені әкесінің әуестігін білетін балалары, көрші – қолаңдары, жора – жолдастары « сізде мынандай жоқ білем» деп жаңаларын әкеп беруге асыққан. Ақын сүйікті қаламдарына арнап « Қаламым» атты өлең жазған. Сонымен бірге сурет салуды да жақсы көрген.
Абонемент бөлімінің кітапханашысы Ахмадиева Алмагүл