Азанмен қойған аты – Ғабде - әл – Ғабид кім ?
Ол – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.
Ғабең – ұлы суреткер, терең сырлы адам, әрі азамат ретінде қайталанбас құбылыс. Ғабеңнің туған жерінде дөңес жерге жалдана біткен ағашты «Елтін жалы» дейді екен. Ағамыз ертеректе жазған кей шығармасы соңынан «Елтінжал» деп қол қойыпты. Әйелі Құсни ағамыздың киімдерін ерлер әтірі қосылған суға матырылған марлімен үтіктеген.Паң, сырбаз адам тазалықты, сәнді киінуді ұнатқан. Далаға қонуды, аңға шығуды, дойбы, шахмат ойнауды жақсы көрген. Шығармаларын таза параққа қарындашпен жазып, өзгерткісі келсе өшіргішпен өшіріп, қайта жазатын болған. Көркем шығармаларының бәрін әуелі арабша жазған. Сексеннен асқан шағында шабысынан танбай «Жат қолында» сияқты алып туынды берген Ғабең соңғы демі үзілгенше халқының бірлігін, елінің мерейін, әдебиет пен өнердің болашағын ойлаумен өткен. Қолы босай қалғанда Шәкен Айманов, Ғабиден Мұстафин, Ғазиз Оспановтармен преферанс ойнаған. Қабына салған өз кийімен бильярд ойнауды ұнатқан. Хоккейді ұнатқан. Екі жылда бір туған ауылы Жаңажолға барып тұрған. Оның бір хоббиі ерекше мүсінді ағаштарды жинау болған,Қай жерде демалса да көңіліне ұнаған, бір жанды, не жансыз заттарға, адамға ұқсаған ағашты кесіп ала келген. Үйге келгенде,соны асықпай отырып жанып, мүсіндеп іліп не қабырғаға сүйеп қойған. Қазір солардың жиырма шақтысы музейінде сақталған.