Ұлы тұлғалардың жеке кітапханасы

Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана

Әбіш Кекілбаев

Кітап – білімнің бұлағы болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Ал оқырман – кітапхананың жаны. Сондықтан да әр кітапқұмар адамның жеке кітапханасы оның жан дүниесінің айнасы.

Кітапқұмар адамның жеке кітапханасы кейде бір бөлменің аумағын алып жатса, кейде бір ғана сөреде жинақталады. Ең маңыздысы – адамның кітапқа деген қарым-қатынасы. Егер жеке кітапханасында құнды және қызықты кітап көп бола тұра оқылмаса, ол кітапхана адамның материалдық әл-ауқатының көрсеткіші ғана болып есептеледі. Жеке кітапхана әрқашан мінсіз талғам мен жоғары интеллект белгісі болып саналды. Себебі, кітап адамның жан дүниесінің құбылысын айқындайды.

Кез келген адам өзінің білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Зияткерлік білім мен тәрбиенің қайнар көзі – ол кітап. Ендеше, кітап мықтыларды дайындап қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиелейді деген сөз.

Әлемге танылған  көптеген кітапқұмар жазушылар және ғалымдар өздерінің  жеке кітапханаларына жанына жақын кітаптарды жинаған. Мысалға келтірсек, Абай Құнанбаев, Эрнест Хемингуей, Альберт Эйнштейн, Стив Джобс, Александр Пушкин, Федор Достоевский, Лев Толстой және т.б. атақты ғалымдар мен ақын-жазушылардың кітап таңдауға келгенде талаптары әр түрлі болған.

Сол талаптарына қысқаша тоқтала кетсек:

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы  Абай Құнанбаев ең алдымен қазақтың ауыз әдебиетімен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларын жинаған. Ақын сүйіп оқыған үш үлкен қайнар көз: 1. Халық ауыз әдебиеті. 2. Шығыс әдебиеті. 3. Орыс әдебиеті, оның арғы жағында Батыс Еуропа әдебиеті. Шығыс әдебиетінің Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, т. б. ақындарының шығармаларын жинап, оқыған екен. Сонымен қатар ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель,  Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болып қосымша ақпараттар жинаған. Кейін  орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, т. б. шығармаларымен танысып, туындыларын достары арқылы  Ресейден алдырып, өзінің жеке кітапханасына жинақтаған екен.

Қазақтың ұлы академигі Қаныш Сатпаевтың ғалым ретінде қалыптасуына ең алдымен Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы секілді қазақ халқының ұлы даналары әсерін тигізді. Ғалым Абайдың өлеңдері мен оның толық шығармашылығын өзінің жеке кітапханасына жинақтап, көптеген туындыларын жатқа білді, Абайдың лирикалық әндерін орындады. Студенттік өмірі кезінде болашақ  ғалым Шоқан Уәлиханұлының еңбектерін терең зерттеп, ауызша тараған жергілікті ақын-орындаушылардың Шоқанмен жазылған, ауыз әдебиеті шығармаларын жинақтаған.

Әдебиет зерттеушісі, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының жеке кітапханасы тақырыптық-жанрлық жағы мен көркемдік-эстетикалық тұрғысынан ерекше талғаммен жинақталған. Олардың бір арнасы – халық әдебиеті үлгілері мен ежелгі ескерткіштер нұсқаларын құраса, ал келесі арна – көне қолжазба, сирек кітаптар, әдеби-тарихи туындылар, көркем әдебиеттер, көпшілікке арналған түрлі жанрдағы шығармалар жиынтығынан тұрады. Ғалымның жеке кітап қорында әдебиетіміздің өкілдері М.Әлімбаев, М.Жолдасбеков, Оразақын Асқар т.б.қолтаңбамен сыйлаған кітаптары бар. Сонымен қатар, журналист-жазушы Ақселеу Сейдімбектің жеке кітапханасынан қалың көпшілікке арналған әдеби-ғылыми бағыттардағы еңбектерді, сирек қолжазбалар мен қолтаңбамен берілген кітаптарды көптеп кездестіреміз. Ғалымдарымыздың жеке кітапханасының толықтыруда тақырыптық ерекшеліктері, кітап жинау талғамы, оны пайдалану мәдениетінің өте жоғары деңгейде болғанынан хабардар етеді.

Стивен Кинг - заманауи американдық жазушы, көптеген триллер және мистика жанрларында жазылған романдардың авторы. Стивен Кингтің жеке кітапханасында ерекше орны бар, сүйікті кітаптарының бірі – Уильям Голдингтің «Повелитель мух» шығармасы. Бұл туынды  1983 жылғы, әдебиет саласына қатысты,  Нобель сыйлығының иегері.

Американдық кәсіпкер, өнертапқыш және өнеркәсіптік дизайнер, ақпараттық технологиялар дәуірінің көшбасшысы ретінде кеңінен танылған  Стив Джобс «Кітапқұмар оқырмандардың» бірі және өзгелерге өзінің оқыған  кітаптарын оқуға  кеңес берген екен. Стив Джобс  кітапты тек ақпарат алу үшін пайдаланған. Мәселен, компаниясы үшін сәтсіз уақыттарында Клейтон Кристенсеннің «Дилемма иннаватора» атты кітабын қандай да бір мәселенің шешімін табу мақсатында  ғана оқыған. Көптеген ақпарат көздеріне сүйенсек, кәсіпкердің  жеке кітапханасының тізімінде көптеген көркем әдебиеттерді де кездестіруге болады. Ол  Айн Рэндтің «Атлант расправил плечи» атты еңбегін ерекше ықыласымен оқыған екен  және ауырғанына қарамай экранға шығарылған нұсқасын көру үшін  арнайы кинотеатрға барған.

Стив Джобстың кітапханасында ерекше орын алған кітаптар: Айн Рэнд «Атлант расправил плечи», Герман Мелвилл «Моби Дик», «1984» Джордж Оруэлл, «Дилемма инноватора» Клейтон Кристенсен, «Будь здесь и сейчас» Рам Дасс, «Сознание дзен, сознание начинающего» Сюнрю Судзуки, «Автобиография йога» Парамахамса Йогананда, «Диета для маленькой планеты» Фрэнсис Лаппе, «Внутри торнадо» Джеффри Мур, «Выживают только параноики»  Эндрю Гроув.

Атақты ғалым және теориялық физик Альберт Эйнштейн де кітапханасына көркем әдебиеттерді көп  жинақтаған екен. Ең сүйікті шығармалары – М.Сервантестің «Дон Кихот», Елена Блаватскийдің «Разоблаченная Изида» және Давид Юманың «Трактат о человеческой природе». Эйнштейн  еңбектерінде  «Трактаттың» оның өміріндегі маңызы  және оның  салыстырмалылық теориясын ойлап табуға негіз болғаны  жайлы  жиі айтылады. Ғалым: «Бұл философиялық еңбектерді оқымасам, мен ешқашан қандай да бір тұжырымға келмейтін едім», - деген екен.

Көптеген шедеврлердің авторы Эрнест Хемингуэй, демалыс уақытын кітапханасында өткізеді екен. Хемингуэй кітапты өмір сабақтарын алу үшін оқымаған, ол тек  оқу процесінен рахат алу үшін оқыған. Кейбір  дерек көздерде жазушының кітапханасындағы  келесі туындылар жайлы көп айтылады: Шекспир «Король Лир», Лев Толстой «Анна Каренина», «Война и мир», Марк Твен «Приключения Гекльберри Финна», Марсель Пруст «В поисках утраченного времени»,  Александр Дюма «Королева Марго», Фёдор Достоевский «Братья Карамазовы», Евгений Тарле «Нашествие Наполеона на Россию», Джеймс Джойс «Улисс».

Ақын Александр Пушкиннің жеке кітапханасы өте үлкен және кітапханалық қоры өте бай болған.  Жазушының кітапханасы жайлы атақты тарихшы және библиограф П.Смирнов-Соколскидің айтуынша: «А.Пушкиннің кітапханасы ғалымның жеке зертханасы». 1906 жылы ақынның  жеке кітапханасы Ұлттық қазына ретінде  Санкт-Петербургтегі императорлық ғылым академиясынан мемлекеттің меншігіне өтті  және ақынның шығармашылығын  толық зерттеу филологтар мен тарихшыларға  қол жетімді болды.

Федор Достоевскийдің де кітапханасы құнды туындылармен бай болған, және ол А.С Пушкиннің, М.Сервантестің шығармаларын жоғары бағалаған екен. Ал,  Л.Толстой жеке кітапханасында, көбінесе, шетел әдебиетінің туындыларын жинаған. Мысалға, Виктор Гюгоның «Собор Парижской Богоматери», ежелгі грек жазушысы Ксенофонттың «Анабис» философиялық туындысын, Джордж Элиоттың  «Феликс Хольт, радикал»  және т.б әйгілі туындыларын кітапханалық коллекциясына жинаған екен.

Бүгінгі күнде, кез келген белгілі тұлғадан өзінің осы деңгейге жету сырын сұрасаңыз міндетті түрде өзінің қалыптасу барысын оқыған кітаптарымен байланыстырары анық. Достар, біздің кітапханамызда  сіздердің таңдауларыңызға сай келетін және білімді азамат болуда өз септігін тигізетін Қазақ жəне Əлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары өте көп. Бос уақыттарыңызды  пайдалы əрі қызықты өткізіңіздер!!!

Орындаған: Кітапханаларды дамыту бөлім кітапханашысы Хамзеева Е.Х.