Мәдени шаралар дайджесті. Тамыз

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 1-31 тамыз күндері аралығында өтетін мәдени іс-шараларының ақпараттық дайджесті

1 тамыз (бейсенбі)

Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.) қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы. Дегенмен, ақынның өмірі өз шығармашылығының шыңында үзілді. Ақынның туылғанына 125 жыл толуына орай «Алаш арыстары және сұңқар Сәкен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі

 

1 тамыз (бейсенбі)

"Моби Дик" романы ХІХ ғасырдың маңызы жоғары романы. Бұл шығарманың авторы американдық жазушы Герман Мелвилл (1819-1891 жж.). Ол американдық романтиктер ішіндегі ең күрделісі және ойы терең, жарқын және айрықша тағдырдың иесі- Герман Мелвиллдің 200 жылдығына арналған кітап көрмесі «Герман Мелвиллдің құпиясы» деп аталады.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

4 тамыз (жексенбі)

Михаил Зощенконың сатиралық шығармалары (1894-1958 жж.) надандыққа, өзін-өзі сүйгіштікке, қатыгездікке және басқа да адами кінәраттарға бағытталған. Орыс әдебиетінің классигі, драматург, сценарист, аудармашы Михаил Михайлович Зощенконың 125 жылдығына арналған . «Учить смеяться над самим собой» кітап көрмесі әзірленеді.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

12 тамыз (дүйсенбі)

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Омарұлы Артықбаевтың туғанына 60 жыл толуына орай "Тарихқа тіл бітірген" атты кітап көрмесіне шақырамыз (1959 ж.). Қарағанды облысының тумасы, қазақстандық тарихшы, этнолог, жазушы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, 2012 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері. 300-ден астам басылымның, оның ішінде 6 монография, 11 оқулық пен оқу құралының авторы. Ол «Тарих» және «Этнография, этнология және антропология» мамандықтары бойынша тарих ғылымдарының ондаған кандидаттарын дайындады.

2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі

 

14 тамыз (сәрсенбі)

Әбіш Кекілбаев (1939-2015 жж.) әдеби прозаның және көркем сынның танымал шебері. Ауқымды жазушы, филолог, аудармашы, энциклопедиялық білімі бар тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры. Жазушының туғанына 80 жыл толуына орай «Әбіш Кекілбаев - дәуір тұлғасы=Абиш Кекильбаев - личность эпохи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша 2019 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей оқу үшін жылдың басты кітабы болып Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы мен Қазақ КСР Халық жазушысы Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы танылды (1909-1998 жж.).

3 қабат, оқу залы

 

22 тамыз (бейсенбі)

ҚР Конституция күніне арналған «Қазақстанның негізі заңы=Основной закон Казахстана» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Еліміздің басты заңы 1995 жылдың 30 тамызында жалпыұлттық референдумда қабылданды.

3 қабат, оқу залы

 

23 тамыз (жұма)

"Жырдың Темірқазығы" атты кітап көрмесі қазақ ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018 ж.) Аққұштап Бақтырееваға (1944 ж.) арналады.

2 қабат, абонемент бөлімі

 

25 тамыз (жексенбі) сағ. 11.00

Ағылшын тілінде «Конституция – ел тірегі=Constitution as a basic Law of Republic of Kazakhstan= Конституция РК - основной Закон моей страны» атты дөңгелек үстел өтеді. Кітапхана оқырмандары мен сөйлесу клубының барлық қатысушыларын шақырамыз.

 2 қабат,  конференц-зал

 

26 тамыз (дүйсенбі)

«Шахтерлер күні» кітап көрмесіне шақырамыз. Жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде Қазақстан шахтерлері өздерінің кәсіби мерекесі – кеншілер күнін атап өтеді. Бұл күн ҚР Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы № 1226 «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелердің тізімі» Жарлығының қосымшасына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың қол қоюымен ресми түрде енгізілді.

2 қабат, өлкетану әдебиеттері бөлімі