Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген. Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.
Мен өзімнің ұжымымда қызмет жасап жүрген жастар туралы айта кеткім келеді. Біздің ұжымымызда оқырмандарға қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар бөлімнің алдына қойылған міндеттерін ынтамен қабылдап, әр түрлі идеяларды ұсынып, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып өз білімдерін көрсетіп жүрген жастарымыз баршылық. Жастарымызға жарқын болашақ тілей отырып, еңбектеріңіз жемісті болып, әрқашанда қатарларыңыздың алды болыңыздар дегім келеді. Жастар жылы – жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік. Ұжымымның барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!
ҚЖӨжКҰБ кітапханашысы Г. Т. Кемельбаева