Қазіргі заманда кітапхана саласында шетел тілінен алынған көптеген жаңа сөздер пайда болуда. Мысалы: «Своп» (ағылш. Swap) - қаржы саласының термині, сауда-қаржылық айырбастау операциясын білдіреді. Ал кітапханадағы «swap» - кітаппен және біліммен алмасу іс-шарасының жаңа форматы. Шын мәнінде, бұл эволюцияланған буккроссинг. Оның буккроссингтен ерекшелігі кітап сүйер қауымның бетпе-бет қарым-қатынаста кездесіп, пікір алмасуы.
«Кітап swap» - бұл тек қана сапалы (мазмұны, физикалық түрде) әдебиеттермен тегін кітап алмасу, осылайша, кітапқа екінші, үшінші... оныншы өмір беріледі және ол сөреде шаң басып жатпайды. Сондай-ақ, swap ережесі бойынша әкелінген кітаптар қожайынға қайтарылмауы мүмкін.
Қандай кітаптар әкелуге болады? Өзіңіз оқыған, достарыңыз бен достарыңыздың достарына қызықты болуы мүмкін кітаптарды және міндетті түрде кітаптар жыртылып, тозбаған болуы тиіс.
Қанша кітап әкелуге болады? Қалауыңыз біледі.
Қанша кітап алуға болады? Қанша қалайсыз, бірақ басқа қатысушыларға да қалдырыңыз.
Жалпы «кітар swap» кештері Ресей мемлекетінің кітапханаларында жиі практикалық түрде қолданылуда. Айта кету керек, осы форматтағы іс-шараларды біздің кітапхана да өткізуде. Әдебиет сүйер қауымға арналған «Әдеби қонақжай» атты клубының отырыстарында қатысушылар оқыған шығармалары туралы өз пікірлерімен бөлісіп, жеке кітапханаларындағы қызықты, сұранысқа ие кітаптармен алмасады.
Менің ойымша, бұл өте қызықты форматта өтетін іс-шара. Ал сіз қалай ойлайсыз? «Кітап swap» шарасы кітапханаңызда өткізілді ме?
Кітапханаларды дамыту бөлімі
А.Карашова