Тұлғалар тоғысы: Науан Хазірет және Ақан сері
Ғасырлар бойы есімдері ардақталып, аңызға айналып өткен, туған топырағымыздың тамаша тарландары, өлмес-өшпес әннен мұра қалдырған, назды үні де ерекше, серілердің падишасы енді бірі қараңғы қазақ даласын дінмен тазартып, өмір сәулесіне, тарих сахнасына, заман тынысына алғаш дінді уағыздап, діни жолда ағартушылық ерен еңбек еткен біріне аға, біріне ұстаз тұлғалар Науан Хазірет және Ақан сері Қорамсаұлы өмірлері де, өздеріде, тарихи сахнадағы ерен еңбектері де халқымыздың жадында мәңгі сақталуда. Халықтың рухани байлығы - шын мәніндегі көркем әдебиетте сомдалатыны талассыз шыңдық. Ендеше алдымен Науанның кім екеніне тоқталсақ. Қасиетті Көкше топырағы талай дарындарды, ел бастаған көсемдердерді, төрелік етер би-шешендерді, күміс көмей әншілерді, небір дүлдүлдерді, ақын-жазушыларды дүниеге әкелген киелі топырақ. Осындай жерде туып, түлеп өскен Науан калайша, тарихи тұлға болмасқа. Осы орайда Науан хазіретті тарихи тұрғыда зерттеген, соның өміріне байланысты зерттеулер мен көптеген деректер жинастырған тарихшы ғалым, профессор Қ. Әбуевтың еңбегі ерекше зор. Ғалым ағамыз Науанды тарихи тұлға, қайраткер ретінде таныған. Өз зерттеуінде: «Науан Хазірет – рухы биік, жан-жақты білімдар, ағартушы, халқының қамын жеп, болашағын болжаған, оған мұсылмандықтың шапағатын жоюға бүкіл өмірін арнаған қайраткер» [1, 7 б.]. Ал Ақанның кім екендігі әдебиетімізде белгілі жайт. Сонда да оның кім екендігі туралы бір ғана мысалды алып қарасақ, Серік Негимов: «... Ақан сері – заманынан озып туған, талай тамаша тарлан тұлғалардан асып биік тұрған, бірде күлісіп, бірде бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы – ақпа ақын, саңлақ сазгер, дүлдүл әнші, майталман орындаушы. Ақан сері – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Әрі шешен, әрі тапқыр, әрі кесіп айтатын әділ, турашыл ақын»,-деген екен. Бұл нағыз Ақанның кім болғанын ұрпағына дәл жеткізген әділ баға екені ақиқат. Олай болса тұлғалар тоғысындағы Ақан да Науан Хазіретте оқымысты қауым ортасында да, әдебиетте де, халық арасында да аталып кеткен. Бүгінгі мақаланы басты тақырыпты ашудағы маңыздылығы да ұстаз бен шәкірт арасындағы терең байланыс. Ақандай ұлы тұлғаға ұстаз болған Науанның әдебиетімізде ойып орын алмасы қалайша. Сарбар Ақтаев «Науан Хазірет және оның шәкірттері» зерттеу мақаласында айтып кеткендей: «ұстаз үшін алдынан дәріс алғанның бәрі шәкірт саналғанымен, шәкірттің де шәкірті бар. Шын шәкірт деп ұстаздың абыройын асырып, атағын аспандататынын ғана айтса керек. Осы талап тұрғысынан алсақ, Науан шәкірттерінің арасынан аты әрісі дүйім елге, берісі өз аймағына танымал талай тарландар табылады. Олардың көшбасында, сөз жоқ, асқақ ақын, айтулы сері Ақан сері Қорамсаұлы тұрады» [1, 90 б.],-дейді. Тіпті Науан мен Ақан арасындағы байланыстарды, образдылық бейнелерді өзіміздің көркем әдебиеттен де кездестіреміз. Мәселен Сәкен сері Жүнісовтың «Ақан сері» шығармасындағы көркем образ ретінде алынған, сол ұстазы Науан Хазірет. Белгілі жазушы, драматург, туған елінің жиырмасыншы ғасырлардағы көркем әдебиетіне саф алтындай құнды шығармаларынмен байытып, абыройын биіктеткен Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты » пьесасында Науан Хазіретте образдылық бейнеге алынады. Жалпы бұл пьесада көркем бейнені ашу үшін автор сол Науанды Ақанға қарсы қояды. Әрине бұның өзі кеңестік идеологияның қаламы тамып тұрған кез. Кейінгі тәуелсіздік алған жылдардағы жаңартылған пьесаларда Науан Ақанның қолдаушысына айналады. Келесі әдеби деректерді қазақтың жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері очерктерінен» кездестіреміз. Тіпті науан Хазіреттің қазақ әдебиетінде ірге тасын қалаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында да кездеседі. Кейінгі зерттеушілер арасында Сарбас Ақтаевтың очерктарында, тарихи тұрғыда Қадыржан Абуевтың зерттеу еңбектерінде зерттеліп келеді. Дегенмен де Науан туралы зерттеулер мен әдеби шығармалар, архивтік құжаттар, деректер әлі де жиналып келеді. Осы орайда өте ең құнды мұралардың бірі - Ақан серінің Науан хазіретке арнаған 28 шумақтан тұратын толғауы. Шығарма туралы Қ. Әбуевтың еңбегінде: «Бұл шығарманың бір нұсқасын бұрыңғы партия қызметкері, қазіргі зейнеткер, Баян Жанғалұлы ағамыздың архивінен оқыдым, екіншісін Мәдениет ауылында жасы тоқсанға таяп қалған Көктай қарияның өз ауызынан естідім» [1, 8 б.].
Ассалаумагалейкум, Науан аға.
Үй-іші, аман болар бала-шаға.
Көрген соң дидарынды бойым сергіп,
Қалдым ғой шыққандай боп сахараға.
Ризалық айтсақ сізге, Науан Хазірет,
Фәниден бақи жаққа түзелді бет.
Мұң айтып қияметтік көңілді аштым,
Ойлап ем сізді көрмей өтем бе деп.
Қош тақсыр, шың дүниеге түзелді бет,
Етіңіз құран қатым басыма кеп,
Дұғаңыз қабыл болар, енші алла,
Қол жайса періштелер аумин, деп.
Ақан сері ауырып, о дүниеге бет түзеп жатқанда көңіл сұрай келген Хазіретке өлеңмен мұның шағып, хош айтысқан көрінеді. Әрине, бұл толғау жырдан, қазаққа ой салар дүниесі мол, Науандай ұстазына аға тұтып сыйлап өткен Ақанның ең соңғы өлеңі де осы Науан Хазіретпен қоштасу жыры болатын. Шынымен де Ақан сері өз шығармасында Науан Хазіреттің мұсылман дінінің шапағатын жаюдағы, адамгершілік қасиетін жоғары бағалаған. Енді Ақанның ел-жұртқа аңыз, талай өлең шығармалары көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде өлеңдерімен өрнек өрген Ақан өлеңдері шоқтығы биік шығармашылық пафост болып табылады. Әрине олай дейтініміз белгілі жазушы С.Мұқанов «Өмір мектебінің» бірінші кітабында серімен кездескен шақты баяндауы, халықтың өнерпазға құрметін суреттеуі ерекше. Ақан жайындағы ойын: «Ақан өлеңдерімен қазақ әдебиетінде ауа райын жасаған кісі емес, ал, ән жағын алғанда, ол – революциядан бұрыңғы қазақ музыкасының ірі классиктерінің бірі...»[4.].,- деп қорытады. Ақан сері Қорамсаұлы хақында М.Жұмабаев серінің өмірінен көп мәліметтер жинап, ақынның сырлы өмірін, шығармашылығын талдайды. Ақанның сөздеріне мағына жағынан келгенде оның өлеңдерін беске бөлуге болады. Ғашықтық махаббат тақырыбы, сықақ әзіл өлеңдері, айтыс һәм мақтау өлеңдері, сопылық өлең жырлары, қазақ қайғысы туралы шығармалар деп қамтып қарастыруымзға болады. Ақанның сопылық туралы өлең жырлары қайғыдан іш құса жұтып, теңізден терең ой салып, діни сауаттылыққа бел буып, жасы отыздан асқан шағында туған. Өмірінің серілік қуып, жайнаған өмірі, бықсып отқа айналғанда науандай ұстазынан діни білім алып сопылық өлеңдері дүниеге келе бастайды.Ақанның сұлулықты сүйіп, сөз маржанын тере білген, оқушысының сезімін тербету арқылы ойын қозғауды мақсат еткен ақын екенін әр образы-ақ дәлелдеп тұрады. Ақанның дінге деген көзқарасы тіпті бала кезден ауып, зерек ойлы бала, діни мектептерде оқып сауат ашады, Ақан 13жасқа келгенше Күнту деген молдадан дәріс алады. Кейіннен Ақан молдасымен бір шариғатқа таласып, қарсы келіп, діни оқуымен қош айтысады, осыдан кейін оның серілік өмірі басталады. Бірақта Ақанға осындай сол кездегі дүмше молдалардың теріс білімі, ойының таяздығы оның сол молдамен қарсы шығуына итермеледі. Бірақта кейін Науан Хазіреттей молданың шәкірті болып, өзінің діни сауатын ары жалғастырады. Әрине Науанның өзі сол қоғамдағы шала-жансар білім алған молдаларға күйінішпен қарайды да, сондай молдалардан сауат алған Ақандай зерек адамдардын діни білімді орта жолда тастап кететіні осындай дейді. Науан шын мәнінде Ақанды діни сауатты білімді, болып өсуіне көп ықпал жасайды. Ақанда кейін Науандай Хазірет молдадан білім алып, оның шың мәніндегі діннің шапағатын жаюдағы қызметін, ұстаздық тәжірбиесін өте жоғары бағалаған. Ақанның өмірінің қайғылы, апатты жағдайларында Науандай Хазіреттің жанынан табылып дінге бет бұра бастайды. М.Жұмабаевтың «Ақан сері» очеркінде Серінің Ұрқия, Ақтоқты уақиғаларын бастап кешіп, Құлагер апатын кезіккенінен кейін, оның дінге, сопылыққа ден қойғаның айта кетеді: «Сол уақыттан былай Ақанның жанында үлкен өзгеріс болады. Бұқардан оқып қайтіп, Көкшетауда дәріс айтып тұрған, белгілі Науан Хазіретке анда-санда барып сабақ алады. Дінге сопылыққа берілед. Хақ азығы дуанадай, малдан, елден безіп, дінменен жан тазартуға кіріседі»[2, 322 б.], - деп жазады.Ал Науанның арманы медресе ашып, қазақтың ұл-қызын бірдей алып, оқыту керектігін, алғаш ағартушылық идеяны насихаттап құран сүрелерін жасия етпей, халқына үйрету болды. Ендеше Ақандай шәкірті ұстазының бұл білімін тереңдей меңгеріп, өлеңдерінде араб, иран (парсы) сөздерінде қолданғаны аян. Бұлардың бір алуаны - діни кітаптарда көп қолданылатын алиф, би, мим, нон, парыз, уажып, әшия, екіншісі - шығыс поэзиясында жиі ұшырайтын мақбұб, тағырип, назым, мақшұғ, маккем тағы басқа осылар тәрізді сөздер оның өлеңдерінде орын тепкен. Ақан дін мектебінде өте жақсы оқып, өзінің қабілетті зеректігінің арқасында аз жылда көп нәрсе біліп, мектептен кеткеннен кейін өз бетімен оқу, үйренуден қол үзбеген. Өйткені оның «Тағырипың» атты ұзақ өлеңінде шағатай тілі, осман, түрік тілдерінде шыққан сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары: «Жүсіп-Злиха», «Ләйлі-Мәжнүн», «Фархад-Шырын», «Сейпілмәлік-Жамал» т.б. Шығыстың лиро-эпостарымен жақсы таныстығын және олардан үлгі алып, творчестволық жолмен үйренгендігін аңғартады. «Ақан сері лирикалы шығармаларының айырықша сұлулығы, терең мағыналығы»,-дейді Есмағанбет Ысмайылов, -оның қазақттың халық поэзиясынан меңгерудің үстіне шығыс елі мәдениетін еркін суарылған, содан нәр алғандығын көрсетеді»[3, 347 б.] бұл жерде тағы бір айтатын жайт Науан шәкірттерді жамалия, джағрапия, жамиғат тауарих сияқты шығыстың тарих, география ілімдерін оқушыларға үйретіп жан- жақтылықты оқушыларға уағыздады. Сонымен қоса Пайғамбар, сахабалар, сол замандағы сүннилер, шиитери тарихынан басқа ұлы хакимдердің ғылымдарын үйретіп, шығыстың поэзиясын Ақандай шәкірттеріне үйрету болатындұғын. Осылайша жастарға діни сауаттылық пен білім көздерін үйреттуді ағартушылық тұрғыда қолдады. Шәкірт Ақанның осындай молдадан білім алуының арқасында кең діни сауаты молынан ашылады. Ал Науан Хазірет осыншама білімді, діни сауатты қалай меңгерді. Осы орайда Сәбеннің Шоқан Уәлиханов жайындағы «Аққан жұлдыз» романында мынадай жолдар бар: «... Бір кезде Шұңғырша Қарауыл аталатын рудан Бұқара-Шәріпке оқуға жіберілген Талас баласы Науан табан аудармай он жыл оқып, «Он екі пәнді тәмам ғып» туған еліне қайтып келеді»[1, 8 б.]. Жаңағы мен айтып кеткен пәндер атауы Науанның он жылғы оқуындағы пәндер болатын. Ендеше он жыл табандылық танытқан Науан Хазірет Ақанға қалайша білгенін үйретпеске. . Әлихан ағамыз айтқандай, «Кезінде Ломоносов Мәскеуге қалай барса, бұлда Бұқараға солай барады»[5.]. Бұқар медресесі тіпті сол уақытта Орталық Азиядағы ең жоғарғы оқу орны болатын. Медресені тіпті терең меңгерген Науанды, бүкіл мұсылман дінің орталығы болған Бағдад шаһарына жібереді. Бұл жерден Науан Хазірет білімін тіптен тереңдетіп, шығыстың бай әдебиетін, философиясын меңгеріп, көне түрік тілі, араб, өзбек, парсы, татар тілдерін жетік меңгеріп, жан-жақты білімдар, ғұлама ғалым, тәжірбиелі ұстаз болып үлгереді. Ақанның өлеңдеріндегі сопылық жырлар, араб, парсы тілдерінің кірме сөздері, діни кітаптардағы сөздер, шығыстың бай әдебиетінің мұралары, нәзиралық жыр дастандар, жәдиттік бағыттағы білімдері тікелей Науан Хазірет ұстазының еңбегінің арқасы. Бұл орайда Ақан сері шын мәніңде Науанның ең үздік шәкірті, талантты оқушысы болып қала бермек.Тұлғалар тоғысындағы Науанда Ақан сері де әдебиетімізде ірі тарихи тұлға, көркем образдар болып табылады. Ендігі мақсат Тұлғалар тоғысындағы Науан Хазірет пен Ақан серінің қалдырған рухани мұрасы, Олардың діни философиялық дүниетанымдары, Ақанның өлеңдеріндегі діни атаулар, оның барлық шығармашылығы, Науандай ірі тұлғаның атқарған ірі қызметі, мұсылмандықтың шапағатын төгуі, Ақандай ұлы тұлғаны тәрбиелеп, ағалық, ұстаздық білім беруі, халқын адамгершілікке, парасаттылыққа уағыздауы, дінді халқыға ағартушылық жолда жетелеген ұстаз, ірі қайраткер ретінде қазақ жадында сақтау. Кезіндегі тоталитарлық жүйедегі, идеологиялық қан тамып тұрған, үстемдіе еткен кезеңде туған Науан Хазірет образдары бүгінгі жаңа әдебиеттің жарқын бейнесіне айналмақ. Енді жоғалтқанымыз табылып, ойсырағанымыз орнығуда. Осындай тұста біз Тұлғалар тоғысын умытпауымыз қажет. Тұлғалардың бейнесі, көркемдік образдары әлі әдебиетімізде жасала бермек, Ақанда, Науанда біздікі, олар біздің-ұлы Тұлғалармыз.