Аруға жарасады шолпы, шашбау

Қазақ халқының әр бір ырымына, тыйымына, салт-дәстүріне байыптап қарасаңыз, кішкентай ғана дүниенің арғы жағында үлкен мағына жатқанын байқауға болады. Қазақтың ұл-қызды тәрбиелеудегі даналығы мен мәдениетіне осы бір айғақ дәлел. Кезінде нәзік жандының барлығы дерлік қолаң шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан.

Шашбау мен шолпы құрылымы жағынан шағын болып келеді. Шолпы өзара біріктірілетін қозғалмалы бөлшектер: құлпырма маржан тіз бектерінен, жартылай қуыс не жалпақ, селдір медальондардан, күміске орнатылған түрлі тастан құралады.

Ал шашбау болса, шолпыдан ұзындығымен ерекшеленеді. Ол күміс шынжырлардан немесе жіптен, жібек баудан жасалып, маржан моншақтармен, сәнді әшекей бөлшектерімен безендірілген таспа баулардан тұрады. Шолпы шаштың ұшына тағылатын болса, шашбау бұрымның түбіне ілінеді немесе шашпен бірге өріліп, бұрымға сән беріп тұрады.

Шашбауды шашты өретін тиындар мен безендіретін әшекей бұйым көз тимеу үшін тағады, бұл бір қыры ғана шашбаудың тәрбиелік мәні денсаулыққа пайдасы үлкен. Шолпы, шашбау тағып жүру оңай емес. Шашбаудың салмағы екі жарым, үш кг дейін барады. Оны көтеріп жүру үйрену біраз уақыт алады.

Қыз бала шашбаудың тиындарын сыңғырлатпай жүруі тиіс, себебі сылдырлатып қойса көрген адам үй көргенсіз, тәрбиесіз деп ұрысқан сол себептен қыз бала шашбауын сылдырлатпау үшін бойын, омыртқасын, мойнын тік ұстаған. Қоныраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе де оқыс қимыл жасас да шылдырлаған дыбысқа қатты сөз естіген. Сонда қыз бала тік жүріп баяу бұрылып шай берген де тік отырып әдемі қозғалған.

Шолпы, шашпау таққан қыздарда бас ауруы, бас сақинасы, қан қысымы болмаған, ауруларға да тосқауыл болған. Қазақтың даналығы соншалықты керемет себебі әр қазақтың қызы әдемі, нәзік, дене бітімі сымбаты, мүсіні жүріс тұрысы сүйкімді, сабырлы, инабатты, етіп тәрбиелеуіне үлкен септігін тигізген. Қазақтың ырымында шашыңды жайма, кіндігіңді ашпа шайтан кіріп кетеді делінген сол себептен шолпы шайтанды қуып шаш арасын тазалап, тіл көзден сақтап, басты жаман энергетикадан қорғаған.

Шолпы мен шашбаудың қасиеті мен құдіреті осындай. Сұлудың сәнін арттырып, салтанатын жарастырған әшекей әрбір бұрымдының бұрымынан табылса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

                                                                  Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз
                                                                  ету бөлімінің кітапханашысы: Искакова. Н.О.